QAZAQ AIR Астана – Үржар – Астана бағыты бойынша тұрақты рейсті қашан орындай бастайды

© Photo : Пресс-служба Qazaq AirЛайнер Qazaq Air
Лайнер Qazaq Air - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 2 маусымнан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана – Үржар – Астана бағыты бойынша тұрақты рейсті орындай бастайды. Енді қазақстандықтар елордадан Үржарға аптасына 4 рет ұша алады:
Жұма және жексенбі күндері:
IQ 505 Астана (08:25) – Үржар (10:10)
IQ 506 Үржар (10:50) – Астана (12:15)
Сейсенбі, бейсенбі күндері:
IQ 505 Астана (12:55) – Үржар (14:20)
IQ 506 Үржар (14:50) – Астана (16:15)
"Өңіраралық әуе қатынасын дамыту – Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді", – деп хабарлайды әуекомпания баспасөз қызметі.
Астана-Үржар-Астана бағыты бойынша тұрақты рейстер заманауи De-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалатын болады.
Әуебилеттерінің құны бір бағытқа 25 000 теңгеден басталады. 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қол жүгі мен багажды тасымалдау нормасы таңдалған тарифке байланысты. Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінен брондауға және сатып алуға болады.
Жаңалықтар
0