Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Өз бетінше шешім қабылдауы керек": Блинкен Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

© AP Photo / Michael VaraklasЭнтони Блинкен
Энтони Блинкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинаның Ресей аумағына соққы беруін қолдамайды, бірақ тиімді қорғану жолдарын өз бетінше таңдау құқығын қалдырады, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Кишиневте өткен баспасөз конференциясында.
"Біз Украинадан тыс жерде соққы жасауды қолдамадық және оған көмектеспедік. Жоғарыда айтқанымдай, Украина өзін тиімдірек қорғау туралы шешімді өздігінен қабылдауы керек", - деп РИА Новости Блинкеннің сөзінен келтірді.
Сонымен бірге Блинкен АҚШ-тың Украинаны өзін-өзі қорғау үшін барлық қажетті ресурспен қамтамасыз ететінін баса айтты.
Украиналықтардың батыстық демеушілері арасында Ресей аумағына шабуыл жасау үшін берілген қаруды пайдалануға ұйғарым жасау тақырыбында пікірталас жалғасып жатыр.
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдігі бойынша келіссөздің үшінші раундын өткізді
Жаңалықтар
0