https://sputnik.kz/20240530/olzhas-bektenov-zhayly-mektep-ulttyq-zhobasynyn-iske-asyrylu-barysyn-tekserdi-44641132.html
Олжас Бектенов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді
Олжас Бектенов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді
Sputnik Қазақстан
Биыл Алматы облысында сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T13:35+0500
2024-05-30T13:35+0500
2024-05-30T13:35+0500
мектеп
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44641251_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_181e15b070e4736caa5efb1e41963dc3.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Жыл соңына дейін 3 мың м2 алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын орнату жұмыстары аяқталған.Мектеп қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы жүргізудің маңыздылығын баса айтты.Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектеп оқушылар мен педагогтер үшін жоғары қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай стандартқа сай салынады.Премьер-Министр жаңа жобалар әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өткізуді жеделдетуді және салынып жатқан ғимараттарды пайдалануға беру мерзімінің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды."Бұл – президенттің мегажобасы. Оның сапалы әрі уақытында іске асырылуын қатаң бақылауға алу қажет. Жайлы мектептердің құрылысы балаларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасауға бағытталған. Үкімет алдында 2025 жылдың соңына қарай 740 мың жаңа оқушы орнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Құрылыс жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізу қажет", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1e/44641251_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_0ab75fb665c011d4bfaba75200068a99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, алматы облысы
Олжас Бектенов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылу барысын тексерді
Биыл Алматы облысында сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектептің құрылысымен танысты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Жыл соңына дейін 3 мың м2 алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын орнату жұмыстары аяқталған.
Мектеп қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.
Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы жүргізудің маңыздылығын баса айтты.
"Елімізде 2024-2025 жылдар аралығында Ұлттық жоба бойынша барлығы 369 мектеп ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады", - деп жазылған хабарламада.
Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектеп оқушылар мен педагогтер үшін жоғары қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай стандартқа сай салынады.
Премьер-Министр жаңа жобалар әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өткізуді жеделдетуді және салынып жатқан ғимараттарды пайдалануға беру мерзімінің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
"Бұл – президенттің мегажобасы. Оның сапалы әрі уақытында іске асырылуын қатаң бақылауға алу қажет. Жайлы мектептердің құрылысы балаларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасауға бағытталған. Үкімет алдында 2025 жылдың соңына қарай 740 мың жаңа оқушы орнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Құрылыс жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізу қажет", — деп атап өтті Олжас Бектенов.