https://sputnik.kz/20240530/eaeo-temekige-zhana-biryngay-aktsiz-salygyn-belgiledi-44636766.html
ЕАЭО темекіге жаңа бірыңғай акциз салығын белгіледі
ЕАЭО темекіге жаңа бірыңғай акциз салығын белгіледі
Sputnik Қазақстан
Биыл одақ елдерінде темекі салықтарын үйлестірудің бес жылдық кезеңі аяқталады 30.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-30T14:22+0500
2024-05-30T14:22+0500
2024-05-30T14:22+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15285155_0:235:2807:1814_1920x0_80_0_0_192156adc800d1ac58d4e1ba724385d1.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде 2029 жылға арналған темекі өнімдеріне (фильтрлі темекілерге) бірыңғай индикативті акциз ставкасының деңгейін бекітті, деп хабарлады ЕЭК.Бес жылдан кейін мың темекіге 45 еуро көлемінде акциз төленеді, ауытқу диапазоны 20%-дан аспайды, деп толықтырды комиссия. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылға арналған мөлшерлеме осындай ауытқу диапазонымен 1000 дана үшін 35 еуроны құрады.ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2029 жылы акциз ставкасының 1000 дана үшін 35-тен 45 еуроға дейін артуына одақтың бірқатар елінде акциз ставкаларының айтарлықтай өсуіне байланысты көлеңкелі нарықтың және контрафактілік өнім көлемінің өсу тәуекелдері себеп болды.Комиссия мөлшерлемелерді үйлестіру ЕАЭО мемлекеттерінің темекі өнімдеріне акциз салығы саласындағы салық саясатының қағидаттары туралы келісімде қарастырылғанын және Еуразиялық "бестік" елдерінің аумағында сатылатын темекі өнімдеріне акциздің бірыңғай ставкасына қол жеткізу үшін бес жылдық кезеңді белгілеу жолымен жүзеге асырылатынын еске салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/18/15285155_39:0:2768:2047_1920x0_80_0_0_8ecc3b4d3c39f01d3cf1b98258695db6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО темекіге жаңа бірыңғай акциз салығын белгіледі
Биыл одақ елдерінде темекі салықтарын үйлестірудің бес жылдық кезеңі аяқталады
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. 29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде 2029 жылға арналған темекі өнімдеріне (фильтрлі темекілерге) бірыңғай индикативті акциз ставкасының деңгейін бекітті, деп хабарлады ЕЭК.
Бес жылдан кейін мың темекіге 45 еуро көлемінде акциз төленеді, ауытқу диапазоны 20%-дан аспайды, деп толықтырды комиссия. Салыстыру үшін айтсақ, 2024 жылға арналған мөлшерлеме осындай ауытқу диапазонымен 1000 дана үшін 35 еуроны құрады.
ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2029 жылы акциз ставкасының 1000 дана үшін 35-тен 45 еуроға дейін артуына одақтың бірқатар елінде акциз ставкаларының айтарлықтай өсуіне байланысты көлеңкелі нарықтың және контрафактілік өнім көлемінің өсу тәуекелдері себеп болды.
"Ұлттық валюталардың еуроға қатысты бағамы айтарлықтай ауытқымаған жағдайда, ЕАЭО-ның барлық мемлекеті 2024 жылы акциздің белгіленген бірыңғай ставкасы деңгейіне қол жеткізеді", - деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.
Комиссия мөлшерлемелерді үйлестіру ЕАЭО мемлекеттерінің темекі өнімдеріне акциз салығы саласындағы салық саясатының қағидаттары туралы келісімде қарастырылғанын және Еуразиялық "бестік" елдерінің аумағында сатылатын темекі өнімдеріне акциздің бірыңғай ставкасына қол жеткізу үшін бес жылдық кезеңді белгілеу жолымен жүзеге асырылатынын еске салды.