Ақмола облысында соғыс ардагерлеріне арналған мемориалды талқандаған вандал анықталды

© Photo : Polisia.kzМемориал разгромили в Акмолинской области
Мемориал разгромили в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
Ол Макинск қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Ақмола облысының полицейлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен Макинск қаласындағы интернационалды-жауынгерлерді еске алу алаңына зақым келтірген вандалды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамырда Бұланды ауданының Макинск қаласында өрескел оқиға болды: белгісіз адамдар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және Ауғанстандағы соғыс жылдарында қаза тапқан интернационалды-жауынгерлерді еске алу алаңында орнатылған гранит плиталарын талқандады.
Полиция қызметкерлері вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Екі күн ішінде қызметкерлер пәтерлер мен үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орнатылған камера жазбаларын зерттеп, бұзақылық әрекеттерге бейім адамдарды тексерді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде вандалдың жеке басы анықталды. Ол Макинск қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты.
Заседание мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Қазақстанда вандализм үшін жаза күшейтіледі
Жаңалықтар
0