2027 жылға қарай балалар саны 8 миллионға жетеді – ресми болжам

© Sputnik / Санат ИмангалиевТалдыкөл көлінде
Талдыкөл көлінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай елдегі балалар саны 8 млн ұлғаяды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова хабарлады.
Оның айтуынша, қазір Қақстанда 6,8 млн бала бар. 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.
"Осы саладағы негізгі проблема орын тапшылығы, үш ауысымдық және апатты мектептер болып отыр. Оны шешу үшін "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.
Жоба толық жүзеге асқан сәтте жоғарыда аталған мәселелер толық шешімін табады.
Ол сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналары мен педагогтерге арналған бейімделген бағдарлама әзірленіп жатқанын мәлімдеді.
"Ол балаларды ерте жастан тәрбиелеу мәселелеріне арналады. Бағдарлама контенті мәдени дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды ескере отырып жасалады", - деп түйіндеді Насымжан Оспанова.
Жаңалықтар
0