Үкіметте 5G желісін дамыту мәселесі талқыланды

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуМачта базовой станции интернет-компании, архивное фото
Мачта базовой станции интернет-компании, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен байланыс операторлары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте телекоммуникация саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ауылдық елді мекендерде байланыс желілерін орнату және Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық желілерді тарту жобаларын іске асыру барысы қаралды. Сондай-ақ 5G желілерін дамыту және Мемлекет басшысының экономиканы ырықтандыру туралы Жарлығын орындау мәселелері талқыланды.
Кеңес барысында Роман Скляр жобалардың орындалу қарқынын және сапалы интернетке қосылуды жеделдетуді тапсырды. Әкімдіктер мен байланыс операторларына антенна-діңгек құрылыстарын орнату бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы тездетіп әзірлеу міндеті қойылды.
Деректерді тасымалдау мақсатында транзиттік әлеуетті арттыру үшін Каспий теңізінің табаны арқылы байланыс желілерін тарту және "Батыс – Шығыс" гипермагистралін салу жұмыстары жедел жүргізілетін болады.
Байланыс қызметтерін сапалы көрсету, интернеттің қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың өтініштері бойынша кемшіліктерді жедел жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жаңалықтар
0