https://sputnik.kz/20240529/turkistanda-memlekettik-bagdarlamaga-qatyspagan-adamdarga-zansyz-zhalaqy-audarylgan-44628325.html
Түркістанда мемлекеттік бағдарламаға қатыспаған адамдарға заңсыз жалақы аударылған
Түркістанда мемлекеттік бағдарламаға қатыспаған адамдарға заңсыз жалақы аударылған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Еңбек мобильділігі... 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T21:15+0500
2024-05-29T21:15+0500
2024-05-29T21:15+0500
түркістан облысы
жалақы
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_ac59841c499629deb4233f39daeddd41.jpg
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Еңбек мобильділігі орталығы" қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады.Тексеру нәтижесінде "қоғамдық жұмыс" мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылғаны белгілі болды. Яғни, 31 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.Сондай-ақ, "Жастар практикасы" және "Ақылы қоғамдық жұмыс" бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына 2023 жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша 11,6 млн теңге көлемінде төлем жүргізілмеген. Орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және шарттарда негізсіз талаптар қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтарын шектеу фактілері орын алған.Бұдан бөлек, "қысқа мерзімді оқыту" бағдарламасы шеңберінде оқудан өткен 50 адам іс жүзінде үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етілмеген."Заң бұзушылықтарды болдырмау және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы облыс әкімдігіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға 4 прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, жекелеген фактілер бойынша құжаттар процестік шешімдер қабылдау үшін экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды", - делінген Түркістан облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613682_386:0:2637:1688_1920x0_80_0_0_3951ade5714dcf06a32fd7889c2f7028.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, жалақы, прокуратура
түркістан облысы, жалақы, прокуратура
Түркістанда мемлекеттік бағдарламаға қатыспаған адамдарға заңсыз жалақы аударылған
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Түркістан облысының прокуратурасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Еңбек мобильділігі орталығы" қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру нәтижесінде "қоғамдық жұмыс" мемлекеттік бағдарламасына іс жүзінде қатыспаған 122 адамға заңсыз жалақы аударылғаны белгілі болды. Яғни, 31 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған.
Сондай-ақ, "Жастар практикасы" және "Ақылы қоғамдық жұмыс" бағдарламаларының 4 мыңнан астам қатысушысына 2023 жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша 11,6 млн теңге көлемінде төлем жүргізілмеген. Орталық қызметінде 4 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар және шарттарда негізсіз талаптар қою арқылы 760 кәсіпкердің құқықтарын шектеу фактілері орын алған.
Бұдан бөлек, "қысқа мерзімді оқыту" бағдарламасы шеңберінде оқудан өткен 50 адам іс жүзінде үздіксіз жұмыспен қамтамасыз етілмеген.
"Заң бұзушылықтарды болдырмау және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы облыс әкімдігіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға 4 прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, жекелеген фактілер бойынша құжаттар процестік шешімдер қабылдау үшін экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды", - делінген Түркістан облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.