https://sputnik.kz/20240529/turkistan-oblysynda-biyl-75-myn-turgyn-tabigi-gazdyn-igiligin-koredi-44615469.html
Түркістан облысында биыл 75 мың тұрғын табиғи газдың игілігін көреді
Түркістан облысында биыл 75 мың тұрғын табиғи газдың игілігін көреді
Sputnik Қазақстан
Облыстағы 319 елді мекен, яғни 469,6 мың халық 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T14:21+0500
2024-05-29T14:21+0500
2024-05-29T14:21+0500
газ
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_0:56:1101:675_1920x0_80_0_0_62fb0c3c00197e128449d5e313971c12.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Одан бөлек кейінгі он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған "сақалды" құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің айтуынша, 2024 жылы 86 нысанның құрылысына 12,2 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 48 нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады. Қалған 38 нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі."Нәтижесінде Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында "Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары" бекітілді", - деп хабарлады ведомство.Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекен (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/79/30/793009_62:0:1037:731_1920x0_80_0_0_34917649508adce76cfbfbc2c902016f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, түркістан облысы
Түркістан облысында биыл 75 мың тұрғын табиғи газдың игілігін көреді
Облыстағы 319 елді мекен, яғни 469,6 мың халық 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады", - деп жазылған хабарламада.
Одан бөлек кейінгі он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған "сақалды" құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің айтуынша, 2024 жылы 86 нысанның құрылысына 12,2 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 48 нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады. Қалған 38 нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.
"Нәтижесінде Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында "Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары" бекітілді", - деп хабарлады ведомство.
Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекен (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс.