https://sputnik.kz/20240529/tubirtekti-zhinagan-astana-turgyny-qurylys-materialy-qanshalyqty-qymbattaganyn-korsetti-44622167.html
Түбіртекті жинаған Астана тұрғыны құрылыс материалы қаншалықты қымбаттағанын көрсетті
Түбіртекті жинаған Астана тұрғыны құрылыс материалы қаншалықты қымбаттағанын көрсетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгінде Астана пәтер саудасы жағынан Алматыдан кейін екінші орында тұр. Мұнда жаңа тұрғын үйлер көп салынып жатыр, құрылыс... 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T15:22+0500
2024-05-29T15:22+0500
2024-05-29T15:41+0500
құрылыс
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44576501_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_e6bf3676eabd87099134cadfc00f66d5.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгінде Астана пәтер саудасы жағынан Алматыдан кейін екінші орында тұр. Мұнда жаңа тұрғын үйлер көп салынып жатыр, құрылыс материалдары жеткілікті. Бірақ бағасы тұрақты емес, жыл сайын құбылып тұрады. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген қала тұрғыны Жанат Сәметов төрт жыл бұрын жаңа үйге кірген. Биыл оны сатып, басқасын алды. Ол бұрынғы үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсаған ақшасының түбіртектерін сақтап қойыпты. Соның негізінде құрылыс материалдарының қалай қымбаттағанын көрсетті.Сантехника жыл сайын қымбаттайдыЖаңа үй алатындардың көбісі жөндеу жұмыстарын жуынатын бөлмеден бастайды. Себебі күнде су керек, ал кешке қарай жуынып кету керек. Жанат Сәметов алдымен инсталяция мен унитаз сатып алыпты."Мен Grohe маркалы инсталяция сатып алдым. Бағасы – 110 мың теңге. Бұрынғы үйде де сондай болған. Оны екі жыл бұрын тура сол дүкеннен 75 мың теңгеге алған едім. Одан кейін аспалы унитаз қойдық, маркасы – IDDIS. Екі жыл бұрын 70 мың теңге тұрған. Қазір 100 мыңнан асып кетті", - дейді Сәметов.Жанат жуынатын бөлменің қабырғасына үлкен керамогранит (60/120) жабыстырды. Оны 2021 жылы сатып алыпты. Сол кезде үндістандық тауардың бағасы бір шаршы метр үшін 8 200 теңге болған. Ал бір жылдан кейін 11 475 теңгеге дейін көтерілген."Негізі қазір керамогранитті акциямен де арзан бағаға сатып алуға болады. Бірақ сапалы әрі түзу керамограниттер қымбат тұрады", - деп атап өтті Сәметов.Құрғақ құрылыс қоспалары да шарықтағанЖанат бұрынғы пәтеріне құрғақ құрылыс қоспаларын көп алған. Себебі қабырғалары қисық болды. Барлық тауарды танымал құрылыс дүкені желісінен сатып алған."Мен құрғақ құрылыс қоспаларын 2021 жылы алдын ала сатып алғанмын. Ал үйді жөндеуді бір жылдан кейін бастадық. Бір жылдың ішінде бағаның өзгеретінін білдім. Сол себепті ертерек сатып алуға шешім қабылдадым ", - дейді Астана тұрғыны.2021 жыл:2024 жыл:Кафельге арналған желім (TYTAN,GRESS, 25 келі) – 2 450 теңге;Ламинаттың бағасы ше?Ал ламинаттың бағасы көп өзгерген жоқ. Жанат бұрынғы үйіне ені 16 сантиметр болатын ламинат алған."Ол кезде бағасы шаршы метрі үшін 4 300 теңге болған. Биыл да тура сол баға, тура сол фирманың өнімін сатып алдым. Сонда бағасы өзгермеген сияқты", - дейді Сәметов.Жанат Астанадағы "Эталон" құрылыс материалдары базарынан сатып алған электр кабельдерінің ескі түбіртегін де тауып алды. Қазір ол тауарлардың бағасы екі-үш есе өсіп кеткен.Қазақстандағы инфляцияҰлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда инфляцияның деңгейі 12 процент болған. 2023 жылы 18,1 процентке көтерілді, ал 2024 жылы 9,1 процентке түсті.Биыл наурыз айында құрылыс материалдарының бағасы өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6,6 процентке өсті. Былтыр президент Тоқаев инфляцияны екі есеге қысқартуды тапсырған. 2025 жылға дейін оның деңгейі 3-4 процентке түсуі керек.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44576501_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ab2ad3822ba7e2a5935825157f906ca1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
құрылыс, астана
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Бүгінде Астана пәтер саудасы жағынан Алматыдан кейін екінші орында тұр. Мұнда жаңа тұрғын үйлер көп салынып жатыр, құрылыс материалдары жеткілікті. Бірақ бағасы тұрақты емес, жыл сайын құбылып тұрады. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген қала тұрғыны Жанат Сәметов төрт жыл бұрын жаңа үйге кірген. Биыл оны сатып, басқасын алды. Ол бұрынғы үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсаған ақшасының түбіртектерін сақтап қойыпты. Соның негізінде құрылыс материалдарының қалай қымбаттағанын көрсетті.
Сантехника жыл сайын қымбаттайды
Жаңа үй алатындардың көбісі жөндеу жұмыстарын жуынатын бөлмеден бастайды. Себебі күнде су керек, ал кешке қарай жуынып кету керек. Жанат Сәметов алдымен инсталяция мен унитаз сатып алыпты.
"Мен Grohe маркалы инсталяция сатып алдым. Бағасы – 110 мың теңге. Бұрынғы үйде де сондай болған. Оны екі жыл бұрын тура сол дүкеннен 75 мың теңгеге алған едім. Одан кейін аспалы унитаз қойдық, маркасы – IDDIS. Екі жыл бұрын 70 мың теңге тұрған. Қазір 100 мыңнан асып кетті", - дейді Сәметов.
Жанат жуынатын бөлменің қабырғасына үлкен керамогранит (60/120) жабыстырды. Оны 2021 жылы сатып алыпты. Сол кезде үндістандық тауардың бағасы бір шаршы метр үшін 8 200 теңге болған. Ал бір жылдан кейін 11 475 теңгеге дейін көтерілген.
"Негізі қазір керамогранитті акциямен де арзан бағаға сатып алуға болады. Бірақ сапалы әрі түзу керамограниттер қымбат тұрады", - деп атап өтті Сәметов.
Құрғақ құрылыс қоспалары да шарықтаған
Жанат бұрынғы пәтеріне құрғақ құрылыс қоспаларын көп алған. Себебі қабырғалары қисық болды. Барлық тауарды танымал құрылыс дүкені желісінен сатып алған.
"Мен құрғақ құрылыс қоспаларын 2021 жылы алдын ала сатып алғанмын. Ал үйді жөндеуді бір жылдан кейін бастадық. Бір жылдың ішінде бағаның өзгеретінін білдім. Сол себепті ертерек сатып алуға шешім қабылдадым ", - дейді Астана тұрғыны.
Кафельге арналған желім (TYTAN,GRESS, 25 келі) – 1 625 теңге;
Гипс сылағы (Ротгипс, 25 келі) – 1 550 теңге;
Финишті сылақ (Alinex, 25 келі) – 3 740 теңге;
Құйма еден (Экопол, 30 келі) – 2 450 теңге;
Финишті сылақ (Alit, FINISH KR, 20 келі) – 2 700 теңге;
Сылаққа дейінгі сұйықтық (грунтовка, Alina Paint, 10 келі) – 3 175 теңге.
Кафельге арналған желім (TYTAN,GRESS, 25 келі) – 2 450 теңге;
Гипс сылағы (Ротгипс, 25 келі) – 2 690 теңге;
Финишті сылақ (Alinex, 25 келі) – 4 790 теңге;
Құйма еден (Экопол, 30 келі) – 3 750 теңге;
Финишті сылақ (Alit, FINISH KR, 20 келі) – 3 450 теңге;
Сылаққа дейінгі сұйықтық (грунтовка, Alina Paint, 10 келі) – 4 110 теңге.
Ал ламинаттың бағасы көп өзгерген жоқ. Жанат бұрынғы үйіне ені 16 сантиметр болатын ламинат алған.
"Ол кезде бағасы шаршы метрі үшін 4 300 теңге болған. Биыл да тура сол баға, тура сол фирманың өнімін сатып алдым. Сонда бағасы өзгермеген сияқты", - дейді Сәметов.
Жанат Астанадағы "Эталон" құрылыс материалдары базарынан сатып алған электр кабельдерінің ескі түбіртегін де тауып алды. Қазір ол тауарлардың бағасы екі-үш есе өсіп кеткен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанда инфляцияның деңгейі 12 процент болған. 2023 жылы 18,1 процентке көтерілді, ал 2024 жылы 9,1 процентке түсті.
Биыл наурыз айында құрылыс материалдарының бағасы өткен жылдың дәл сол кезеңімен салыстырғанда 6,6 процентке өсті. Былтыр президент Тоқаев инфляцияны екі есеге қысқартуды тапсырған. 2025 жылға дейін оның деңгейі 3-4 процентке түсуі керек.