Қазақстанның қандай цифрлық жобалары ЕАЭО елдеріне экспортталады

© Photo : UnsplashWord поможет горе-писателям
Word поможет горе-писателям - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2024
Жазылу
Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) өкілдері цифрлық бастамалар қоры аясындағы ЕАЭО елдеріндегі жобалар туралы айтып берді
АСТАНА, 29 мамыр - Sputnik. Еуразиялық даму банкі басқарма басшысының орынбасары Тигран Саркисян Қазақстанның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан үш цифрлық жоба туралы айтып берді.
"Бұл - бюрократиялық және басқа да кедергілерді жою мақсатында инвесторларға арналған Қазақстан сыртқы істер министрлігінің жобасы. Шетелдік инвесторларға бір жағынан сапалы мемлекеттік қызметтерді алуға, екінші жағынан – мемлекеттік органдармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді", — деді Тигран Саркисян Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында өткен Мәскеу — Минск — Астана — Бішкек-Ереван бейнекөпір барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанның бұл тәжірибесі ЕАЭО-ның басқа елдеріне де таралады.
Қазақстанның электрондық үкіметінің цифрлық жобалары экспортқа шығарыла ма?
Тағы бір жоба - Қазақстанның электрондық үкіметінің дайын цифрлық шешімдерін Одақтың басқа елдеріне экспорттау.
"Қазақстан үкіметімен өзара іс-қимылдың екінші бағыты - Қазақстанда бар және өз тиімділігін іс жүзінде дәлелдеген табысты цифрлық шешімдерді біз Қырғызстанға, Арменияға және Тәжікстанға ұсындық", - дейді Саркисян.
Оның айтуынша, ЕАДБ бұл мақсаттарға гранттар бөлуге дайын.
ЕАЭО-тың венчурлік қоры Қазақстанда болады
Үшінші жоба - "Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында қызмет ететін венчурлік қор құру.
"Бұл Қазақстан үкіметімен бірлескен өте маңызды жоба болмақ. Оның мақсаты венчурлық қаржыландыру технологияларын пайдалана отырып, цифрлық салада жаңа технологиялардың дамуын ынталандыру. Бұл цифрлық жобаларды неғұрлым икемді іске асыруға мүмкіндік береді, өйткені барлық даму банктері, соның ішінде ЕАДБ пайдаланатын қаржыландырудың классикалық әдістері венчурлік қаржыландыруға мүлдем сәйкес келмейді", - деп түсіндіреді спикер.
Оның пайымынша, бұл бүкіл ЕАЭО үшін маңызды жоба болады.
Саркисян сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде басқа да жобалар іске асырылып жатқанын айтты.
Атап айтқанда, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан қатысатын еңбек мигранттарына арналған "ЕАЭО-дағы жұмыс" цифрлық платформасы.
Екінші жоба ЕАЭО елдерінде тұратын қызметкерлер үшін кәсіби дағдыларды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жақын арада басталатын үшінші жоба денсаулық сақтау және протездеу саласында іске асырылатын болады. ЕАЭО-ның барлық кеңістігінде осы салада сапалы қызметтер көрсету үшін цифрлық платформа құрылады.
Төртінші жоба – жеңіл және тоқыма өнеркәсібіндегі цифрлық платформа - BEE-online.ru. Бұл платформаның арқасында жүздеген өндірушілер ЕАЭО-ның барлық елдерінің тапсырыс берушілерімен тікелей байланыс орнатып жатыр.
Бұл жобалардың барлығы елдердің экономикалық интеграциясының арқасында жүзеге асырылуда, деп атап өтті спикер.
"Қазіргі әлемде аймақтық интеграцияға балама жоқ. Бұл әлемдік тәжірибеде де дәлелденген, өңірлік интеграция арқылы шағын мемлекеттер өздерінің экономикалық әлеуетін арттыруға және іске асыруға мүмкіндігі бар”, - деп есептейді Саркисян.
Сондай-ақ өткізу нарықтарын кеңейту арқылы интеграцияның әлеуетін орасан зор етуге болады дейді ол.
"Тағы бір жетістік – нарығы 100 миллион тұтынушыға бағаланатын Вьетнаммен және 80 миллион халқы бар Иранмен еркін сауда аймақтарын қосу арқылы нарықтардың кеңеюі. Сонымен қатар Египет және Үндістанмен келіссөздер жүргізілуде. Бұл масштабтар біз үшін қиындық тудыратыны рас, өйткені біздің өндірушілер өз шешімдерін үлкен үнді нарығына шығаруы керек. Оның экономикалық өсу әлеуеті қандай екенін елестетіп көріңіз", - деп қосты спикер.
Кездесу барысында спикерлер Одақ елдеріндегі мемлекеттік органдар мен бизнесті жобаларды белсенді түрде ұсынуға шақырды және өз кезегінде неғұрлым перспективалы және қызықты жобаларды қаржылай қолдауға уәде берді.
Жаңалықтар
0