https://sputnik.kz/20240529/qazaqstan-men-niderland-su-tasqynymen-birlesip-kuresedi-44618334.html
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынымен бірлесіп күреседі
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынымен бірлесіп күреседі
Sputnik Қазақстан
Келісім тасқын суын реттеу және пайдалану саласындағы Нидерландтың тәжірибесін зерттеуді көздейді 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T12:07+0500
2024-05-29T12:07+0500
2024-05-29T12:07+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43346404_0:0:3023:1700_1920x0_80_0_0_3ad5785c0c00b2d054c2e130acd68577.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі екіжақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.Алғашқы құжат - Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.Құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастықты көздейді.Келісім тасқын суын реттеу мен пайдалануда тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзен ағындарын басқару бойынша Нидерландтың тәжірибесін зерттеуді көздейді.Дельфт су білімі институты (IHE Delft) қол қойған екінші меморандумда су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43346404_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_8cd299cf2740f6bcda16662cc36fe404.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Қазақстан мен Нидерланд су тасқынымен бірлесіп күреседі
Келісім тасқын суын реттеу және пайдалану саласындағы Нидерландтың тәжірибесін зерттеуді көздейді
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Нидерланд Корольдігі екіжақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Бүгінгі кездесу - біздің Нидерланд мемлекетімен қарым-қатынасымыздың маңызды кезеңі. Ынтымақтастығымыз ауқымды және перспективалы жобаларды іске асыруға көмектесетініне, ал тәжірибе мен технология алмасу отандық су саласының әлеуетін ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", –деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Алғашқы құжат - Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Сыртқы істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Құжат су шаруашылығы құрылыстарын салу және пайдалану, су тасқынын болжау және су тасқынына қарсы іс-шараларды жоспарлау мәселелерінде ынтымақтастықты көздейді.
Келісім тасқын суын реттеу мен пайдалануда тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзен ағындарын басқару бойынша Нидерландтың тәжірибесін зерттеуді көздейді.
Дельфт су білімі институты (IHE Delft) қол қойған екінші меморандумда су саласының мамандарын даярлау, су саласында ғылым мен инновациялық технологиялар саласындағы өзара іс-қимыл қарастырылған.