Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау уақыты екі есе қысқарады

© Photo : Пресс-служба министерства транспорта Казахстана Пробная транзитная автоперевозка грузов состоялась впервые по маршруту Китай - Казахстан - Азербайджан - Грузия через морской порт Курык
Пробная транзитная автоперевозка грузов состоялась впервые по маршруту Китай - Казахстан - Азербайджан - Грузия через морской порт Курык - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қытайдан Еуропаға транзиттік жүктердің мерзімі 19-23 күнді құрайды. Оның 6 күні Қазақстан аумағы арқылы өтеді, жүк ағыны 6 млн тонна. Келісім аясында 2027 жылға қарай жүк ағынын 10 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдаудың жалпы жылдамдығы 12-13 күнді құрайды.
"Сондай-ақ келісім "өтпелі" транзитті декларациялау процесін автоматтандыру арқылы әкімшілік кедергілерді азайтуды көздейді. Осы мақсатта цифрлық көлік дәлізі бағдарламасы іске қосылды (TХКБ бағыты бойынша логистикалық және экспедиторлық қызметтерді сату терезесі)", - делінген хабарламада.
Құжаттың мақсаты – Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдауды дамыту. Ол үшін Қазақстан мен Қытай аумақтары арқылы жүктерді тасымалдауға қолайлы жағдай туғызатын автомобиль, теңіз және теміржол көлігінің артықшылықтарын пайдалану ұсынылады.
Бұл келісім Бейжіңде 2023 жылы 17 қазанда жасалған.
Жаңалықтар
0