https://sputnik.kz/20240529/onerkasiptegi-tau-ken-metallurgiya-kesheninin-ulesi-26-dan-asty-44591588.html
Өнеркәсіптегі тау-кен металлургия кешенінің үлесі 26%-дан асты
Өнеркәсіптегі тау-кен металлургия кешенінің үлесі 26%-дан асты
Sputnik Қазақстан
Бірінші тоқсанда металл кендерін өндіру көлемі 991,9 млрд теңгеге жетті 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T08:05+0500
2024-05-29T08:05+0500
2024-05-29T08:05+0500
өндіріс
https://sputnik.kz/img/295/45/2954547_0:61:1200:736_1920x0_80_0_0_d7b751a0241f05ed6eafece7c903ba95.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда металдарды өндіру және қайта өңдеу барлық өнеркәсіп өндірісінің төрттен бірін құрады, деп хабарлады Energyprom.kz.Атап айтқанда, бірінші тоқсанда ел бойынша жалпы өнеркәсіп өндірісінде металл кендерін өндіру үлесі шамамен 9%, ал тау-кен өнеркәсібінде шамамен 19% болды. Өнеркәсіп өндірісінің барлық көлеміндегі металлургия өнеркәсібінің үлесі шамамен 18%, өңдеу өнеркәсібінде 39,4%-ға жетті. Осылайша Қазақстан өнеркәсібіндегі тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) жиынтық үлесі 26%-дан асты.Заттай түрде мыс кендерін өндіру 38,3 млн тоннаны, темір кендерін өндіру 13,1 млн тоннаны, құрамында алтыны бар кендерді өндіру 9,2 млн тоннаны, қорғасын-мырыш кендерін өндіру 2,7 млн тоннаны, хром кеніштерін өндіру 1,6 млн тоннаны, алюминий кендерін өндіру 1,3 млн тоннаны құрады.Ал өңдеу сегментінде осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша металлургия өнеркәсібінің өнімін шығару 2 трлн теңгеден асты, сектордағы өнеркәсіп өндірісінің нақты өсуі 4,3%-ды көрсетті.Заттай түрде 943,1 мың тонна тазартылмаған болат, 717,9 мың тонна шойын, 523,8 мың тонна ферроқорытпа, 464 мың тонна алюминий, 120,3 мың тонна мыс, 67 мың тонна мырыш, 29,4 мың тонна қорғасын, 187,9 тонна күміс, 32,4 тонна алтын шығарылды.
https://sputnik.kz/20231005/zhambyl-oblysynda-iri-tau-ken-metallurgiya-kombinaty-iske-qosylady-39094355.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/295/45/2954547_70:0:1131:796_1920x0_80_0_0_bebb1918d87da9436e0d1fc07b8ddcb1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс
Өнеркәсіптегі тау-кен металлургия кешенінің үлесі 26%-дан асты
Бірінші тоқсанда металл кендерін өндіру көлемі 991,9 млрд теңгеге жетті
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанда металдарды өндіру және қайта өңдеу барлық өнеркәсіп өндірісінің төрттен бірін құрады, деп хабарлады Energyprom.kz.
Атап айтқанда, бірінші тоқсанда ел бойынша жалпы өнеркәсіп өндірісінде металл кендерін өндіру үлесі шамамен 9%, ал тау-кен өнеркәсібінде шамамен 19% болды. Өнеркәсіп өндірісінің барлық көлеміндегі металлургия өнеркәсібінің үлесі шамамен 18%, өңдеу өнеркәсібінде 39,4%-ға жетті. Осылайша Қазақстан өнеркәсібіндегі тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) жиынтық үлесі 26%-дан асты.
"Бірінші тоқсанда металл кендерін өндіру көлемі 991,9 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы 813,7 млрд теңгеге қарағанда — ақшалай мәнде 21,9% -ға артық (нақты өсім — 7,3%-ға)", - делінген хабарламада.
Заттай түрде мыс кендерін өндіру 38,3 млн тоннаны, темір кендерін өндіру 13,1 млн тоннаны, құрамында алтыны бар кендерді өндіру 9,2 млн тоннаны, қорғасын-мырыш кендерін өндіру 2,7 млн тоннаны, хром кеніштерін өндіру 1,6 млн тоннаны, алюминий кендерін өндіру 1,3 млн тоннаны құрады.
Ал өңдеу сегментінде осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша металлургия өнеркәсібінің өнімін шығару 2 трлн теңгеден асты, сектордағы өнеркәсіп өндірісінің нақты өсуі 4,3%-ды көрсетті.
Заттай түрде 943,1 мың тонна тазартылмаған болат, 717,9 мың тонна шойын, 523,8 мың тонна ферроқорытпа, 464 мың тонна алюминий, 120,3 мың тонна мыс, 67 мың тонна мырыш, 29,4 мың тонна қорғасын, 187,9 тонна күміс, 32,4 тонна алтын шығарылды.