https://sputnik.kz/20240529/memleket-zhylu-energetikasy-salasyndagy-baqylaudy-kusheytedi-44618039.html
Мемлекет жылу энергетикасы саласындағы бақылауды күшейтеді
Мемлекет жылу энергетикасы саласындағы бақылауды күшейтеді
Sputnik Қазақстан
Бұл үшін қашықтықтан бақылау, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер енгізу ұсынылды 29.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-29T11:35+0500
2024-05-29T11:35+0500
2024-05-29T11:35+0500
жылу
бақылау
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/18/29695018_0:307:3072:2035_1920x0_80_0_0_25ca55831d98776f9d3a4bd320ad2e1c.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мәжіліс "Жылу энергетикасы туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл сала бойынша жеке заң Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қзметі.Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді.Сонымен қатар жылумен жабдықтау субъектiлерiне жылу өндiрушi және жылу тасымалдайтын субъектi мүлкiнiң меншiк иелерiн, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғаларды жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту немесе ауыстыру қажеттiгi туралы уақтылы хабардар ету мiндетi жүктелген.Бұдан бөлек депутаттар уәкілетті орган бекітетін тәртіппен күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті растау үшін жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің әзірлік паспортын алу жөніндегі міндетін бекітуге бағытталған түзетулер енгізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/18/29695018_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_13c12f042f8b99e3947ac7ea5001b5e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу, бақылау, мәжіліс
Мемлекет жылу энергетикасы саласындағы бақылауды күшейтеді
Бұл үшін қашықтықтан бақылау, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер енгізу ұсынылды
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Мәжіліс "Жылу энергетикасы туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады. Бұл сала бойынша жеке заң Қазақстанда алғаш рет әзірленіп отыр, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қзметі.
Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді.
"Бұл үшін қашықтықтан бақылау, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер, тергеп-тексерулер енгізу ұсынылды. Сондай-ақ депутаттар бақылау органдары мен бақылау субъектісі (объектісі) лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін нақтылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар жылумен жабдықтау субъектiлерiне жылу өндiрушi және жылу тасымалдайтын субъектi мүлкiнiң меншiк иелерiн, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғаларды жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту немесе ауыстыру қажеттiгi туралы уақтылы хабардар ету мiндетi жүктелген.
Бұдан бөлек депутаттар уәкілетті орган бекітетін тәртіппен күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлікті растау үшін жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілердің әзірлік паспортын алу жөніндегі міндетін бекітуге бағытталған түзетулер енгізді.