https://sputnik.kz/20240528/ukimette-zandardy-memlekettik-tilde-azirleu-maselesi-qaraldy-44590548.html
Үкіметте заңдарды мемлекеттік тілде әзірлеу мәселесі қаралды
Үкіметте заңдарды мемлекеттік тілде әзірлеу мәселесі қаралды
Sputnik Қазақстан
Әділет министрі Азамат Есқараев мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы баяндама жасады 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T09:01+0500
2024-05-28T09:01+0500
2024-05-28T09:01+0500
мемлекеттік тіл
заң
https://sputnik.kz/img/571/82/5718228_0:99:2017:1233_1920x0_80_0_0_45a85e71240af51109974b0329f2abdf.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Комиссия отырысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі даму мәселелері, тіл мәдениетін арттыру және тілдік капиталды нығайтуға бағытталған үйлесімді әрі теңгерімді тіл саясатын жүргізу мәселелері қарастырылды.Отырыс барысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы және мемлекет басшысының тапсырмасына орай мемлекеттік тілде жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілге қатысты заманауи IT-жобаларды әзірлеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.Сондай-ақ әділет министрі Азамат Есқараевтың мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметі туралы қоғамдық бірлестіктің президенті Рауан Кенжеханұлының баяндамалары тыңдалды.Отырыс қорытындысы бойынша комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/571/82/5718228_120:0:1895:1331_1920x0_80_0_0_2072d3762fb7b2d1820c8f5d60017d31.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік тіл, заң
Үкіметте заңдарды мемлекеттік тілде әзірлеу мәселесі қаралды
Әділет министрі Азамат Есқараев мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы баяндама жасады
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі даму мәселелері, тіл мәдениетін арттыру және тілдік капиталды нығайтуға бағытталған үйлесімді әрі теңгерімді тіл саясатын жүргізу мәселелері қарастырылды.
Отырыс барысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іске асырылу барысы және мемлекет басшысының тапсырмасына орай мемлекеттік тілде жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту, тілге қатысты заманауи IT-жобаларды әзірлеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ әділет министрі Азамат Есқараевтың мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының қызметі туралы қоғамдық бірлестіктің президенті Рауан Кенжеханұлының баяндамалары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.