https://sputnik.kz/20240528/turkistanda-qolonershiler-qalashygy-salynyp-zhatyr-44570952.html
Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр
Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Тарихы тереңнен бастау алатын шаһарға келетін саяхатшылар саны артып келеді 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T08:00+0500
2024-05-28T08:00+0500
2024-05-28T08:00+0500
түркістан
қолөнер бұйымдары
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44570644_0:56:1081:664_1920x0_80_0_0_c834de39a6b0430b7cd890edee9abd22.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынып жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту.Биыл Түркістан түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып, жүзеге асуда.Құрылыстың 1 және 2 кезектері үшін ішкі әрлеу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 50 жұмысшы, 5 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберхана салудағы мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.Мұнда қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Ұлы Жібек жолының бойындағы киелі шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44570644_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_98fb95eeb687b5977b181f225fcb672f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, қолөнер бұйымдары
түркістан, қолөнер бұйымдары
Түркістанда қолөнершілер қалашығы салынып жатыр
Тарихы тереңнен бастау алатын шаһарға келетін саяхатшылар саны артып келеді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында қолөнершілер қалашығы салынып жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Негізгі мақсат – туристерді тарту және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту.
Биыл Түркістан түркі мемлекеттерінің туризм астанасы мәртебесін иеленді. Жыл ішінде облыс орталығында түркі мемлекеттерінің қатысуымен өтетін ауқымды жобалар жоспарланып, жүзеге асуда.
"Теңдессіз туристік кешеннің жалпы алаңы – 2,56 га. Қолөнершілер қалашығы 25 архитектуралық нысаннан тұрады. Іргетастарды нығайту және бетондау жұмыстары, сондай-ақ монолитті жұмыстар жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Құрылыстың 1 және 2 кезектері үшін ішкі әрлеу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс аумағында 50 жұмысшы, 5 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
Жаңа қалашықта ұлттық нақыштағы бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын, жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер шеберхана салудағы мақсат – туристерді тарту, кәсіпкерлікті дамыту ғана емес, мәдениет пен мұраны сақтап қалу.
Мұнда қонақүйлер мен ас үйлер салынады. Көрме немесе Showroom орналасады. Ұлы Жібек жолының бойындағы киелі шаһардың орталығында орналасатын жаңа қалашықтың жобасы ерекше. Алдағы уақытта өңірде қолөнершілерге қолдау көрсету арқылы жұмыс орындарын ашу, туризмді дамыту көзделіп отыр.