Су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды

© Photo : Акимат Актюбинской областиАқтөбе су қоймасы
Ақтөбе су қоймасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
Тасқын су соңғы жылдары құрғауға айналған көлдерге және басқа да су айдындарына жіберілді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Биылғы су тасқыны кезінде Қазақстанның су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Жиналған су экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
"Еліміздің су шаруашылығы құрылыстары суды қауіпсіз өткізді және тасқын суды соңғы жылдары құрғауға айналған сағаларға, көлдерге және басқа да су айдындарына жіберуге мүмкіндік берді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ ол министрлік әзірлеген су саласын дамыту тұжырымдамасы тасқын суды басқару бойынша озық елдердің тәжірибелері зерттеле отырып, толықтырылатынын айтты.
Бұдан бөлек, тасқын суды басқаруды және құрғақшылық салдарын азайтуды көздейтін ұзақ мерзімді құжат әзірленеді.
Сондай-ақ елді мекендер үшін қауіп-қатерді көрсететін тасқын су қозғалысының электронды картасын және су мен су инфрақұрылымының жағдайы мен мөлшері туралы ақпаратты қамтитын су ресурстарын есепке алудың, мониторингілеудің және болжаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.
Премьер Олжас Бектенов в Атырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Су тасқыны: 1100-ден астам құлсарылық баспанасын қалпына келтіру үшін өтемақы алды
Жаңалықтар
0