https://sputnik.kz/20240528/qazaqstannyn-ontustiginde-elektr-quaty-55-ke-tapshy--enbek-sinirgen-energetik-44605418.html
Қазақстанның оңтүстігінде электр қуаты 55%-ке тапшы – еңбек сіңірген энергетик
Қазақстанның оңтүстігінде электр қуаты 55%-ке тапшы – еңбек сіңірген энергетик
Sputnik Қазақстан
Астанада Қазақстанның атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері және АЭС салу жоспарлары талқыланды 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T14:00+0500
2024-05-28T14:00+0500
2024-05-28T14:00+0500
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25041953_0:156:3000:1844_1920x0_80_0_0_f6d4904fbd410b548883b7c62677982c.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда электр энергиясының қуаты өте тапшы. Республиканың оңтүстігінде электр энергетикасының тапшылығы 55%, деп мәлімдеді энергофорумда Қазақстан инженер-энергетиктер одағының бас директоры Марат Дұлқайыров.Алдағы 2-3 жылда Қазақстанның оңтүстігі электр жарығы сөне бастаған кезде мұны сезінеді, дейді энергетик."Салаға инвестиция қажет, өйткені ол өте күрделі жағдайда. Қазақстанның батыс өңірі дербес жұмыс істейді, ол өзін-өзі қамтамасыз ете алады, бірақ ол да тапшылықта. Бақытымызға орай, олардың Ресей Федерациясымен үш 220 киловольт желісі бар", - деді Дұлқайыров.Ол сондай-ақ өткен жылы республикада электр энергиясын тұтыну көлемі 115 миллиард киловатт – сағат деңгейінде тіркелгенін, ал өндіріс небәрі 112,8 миллиард болғанын айтты.Қазақстанға атом станциясы не үшін қажет?Қазақстандағы атом энергетикасы көмір қуатын өтеу және базалық генерацияны қамтамасыз ету үшін қажет, деді "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин.Бұл ретте Қазақстан үкіметінің көміртексіз энергетикаға көшу курсы, сондай-ақ елде шикізат және өндірістік базаның болуы елдегі атом-энергетика саласын дамыту үшін барлық алғышартты жасайды, деп сендірді Жантикин.Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салу - бұл елдің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын, тиімді шешім, ол да барлық салаға оң мультипликативтік әсер етеді.Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын премьер-министрдің өкімімен "Қазақстандық атом электр станциялары" (ҚАЭС) компаниясы атом станциясын екі ауданда – Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналастыруды қарастыру тапсырмасын алған болатын.Солардың бірі - Ертіс маңындағы бұрынғы Семей сынақ полигонына жақын орналасқан Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының ауданы. Екіншісі - Оңтүстік Қазақстан ГРЭС ауданында, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен кенті, Балқаш көлінің жанында. Нәтижесінде екінші нұсқа таңдалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/18/25041953_167:0:2834:2000_1920x0_80_0_0_7774f0f633c69e82ecbbd417d9b64ae5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электр энергиясы
Қазақстанның оңтүстігінде электр қуаты 55%-ке тапшы – еңбек сіңірген энергетик
Астанада Қазақстанның атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері және АЭС салу жоспарлары талқыланды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда электр энергиясының қуаты өте тапшы. Республиканың оңтүстігінде электр энергетикасының тапшылығы 55%, деп мәлімдеді энергофорумда Қазақстан инженер-энергетиктер одағының бас директоры Марат Дұлқайыров.
"Оңтүстік өңірді алайық – Балқаштан төмен, алты өңір, халықтың тең жартысы электр қуаты бойынша 55% тапшылықта",- деп ашуланды энергетик.
Алдағы 2-3 жылда Қазақстанның оңтүстігі электр жарығы сөне бастаған кезде мұны сезінеді, дейді энергетик.
"Салаға инвестиция қажет, өйткені ол өте күрделі жағдайда. Қазақстанның батыс өңірі дербес жұмыс істейді, ол өзін-өзі қамтамасыз ете алады, бірақ ол да тапшылықта. Бақытымызға орай, олардың Ресей Федерациясымен үш 220 киловольт желісі бар", - деді Дұлқайыров.
Ол сондай-ақ өткен жылы республикада электр энергиясын тұтыну көлемі 115 миллиард киловатт – сағат деңгейінде тіркелгенін, ал өндіріс небәрі 112,8 миллиард болғанын айтты.
Қазақстанға атом станциясы не үшін қажет?
Қазақстандағы атом энергетикасы көмір қуатын өтеу және базалық генерацияны қамтамасыз ету үшін қажет, деді "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин.
"Қазақстанда әсіресе электр энергиясын тұтыну артқандықтан және қолданыстағы станцияларда генерациялайтын жабдықтар тозғандықтан жаңа энергия қуаттарын енгізу қажет" - деп атап өтті ол.
Бұл ретте Қазақстан үкіметінің көміртексіз энергетикаға көшу курсы, сондай-ақ елде шикізат және өндірістік базаның болуы елдегі атом-энергетика саласын дамыту үшін барлық алғышартты жасайды, деп сендірді Жантикин.
Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салу - бұл елдің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын, тиімді шешім, ол да барлық салаға оң мультипликативтік әсер етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын премьер-министрдің өкімімен "Қазақстандық атом электр станциялары" (ҚАЭС) компаниясы атом станциясын екі ауданда – Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналастыруды қарастыру тапсырмасын алған болатын.
Солардың бірі - Ертіс маңындағы бұрынғы Семей сынақ полигонына жақын орналасқан Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының ауданы. Екіншісі - Оңтүстік Қазақстан ГРЭС ауданында, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен кенті, Балқаш көлінің жанында. Нәтижесінде екінші нұсқа таңдалды.