https://sputnik.kz/20240528/qazaqstandagy-resey-salatyn-zhylu-energetika-ortalygy-komirmen-de-gazben-de-zhumys-isteydi-44608773.html
Қазақстандағы Ресей салатын жылу энергетика орталығы көмірмен де, газбен де жұмыс істейді
Қазақстандағы Ресей салатын жылу энергетика орталығы көмірмен де, газбен де жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей қазақстандық қалаларда үш бірдей ЖЭО салу туралы келісімге қол қойған болатын 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T16:55+0500
2024-05-28T16:55+0500
2024-05-28T16:55+0500
жылу электр орталығы
ресей
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39878715_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7ffe7f787ac60a1b1340b301d8598709.jpg
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Қазақстанда Ресей салатын жылу энергетика орталығы қатты отынмен де, газбен де жұмыс істейді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей энергетика министрліктері республикада көмір ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.Ресей Федерациясы оларды Қазақстанның қысы өте суық болатын аумақтар - Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салады. Уәкілетті ұйымдар - "ИНТЕР РАО-Экспорт" және "Самұрық-Энерго" АҚ.Үш облыс орталығында салынатын жаңа жылу энергетика орталығы аймақтардың ары қарай дамуына тың серпін береді, деп бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтқан болатын.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/03/39878715_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3e0359a183a45d86d28ca5239270b7ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, ресей, қр энергетика министрлігі
жылу электр орталығы, ресей, қр энергетика министрлігі
Қазақстандағы Ресей салатын жылу энергетика орталығы көмірмен де, газбен де жұмыс істейді
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей қазақстандық қалаларда үш бірдей ЖЭО салу туралы келісімге қол қойған болатын
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Қазақстанда Ресей салатын жылу энергетика орталығы қатты отынмен де, газбен де жұмыс істейді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
"Келесі жылы осы ЖЭО құрылысына кірісеміз. Бұл көмір станциялары газ отынымен де жұмыс істей береді. Яғни, орталықтар саптамаларды ауыстырған кезде газ отынымен жұмыс істейтін режимге ауыса алады", - деді ол журналистердің сұрағына.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Ресей энергетика министрліктері республикада көмір ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Ресей Федерациясы оларды Қазақстанның қысы өте суық болатын аумақтар - Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салады. Уәкілетті ұйымдар - "ИНТЕР РАО-Экспорт" және "Самұрық-Энерго" АҚ.
Үш облыс орталығында салынатын жаңа жылу энергетика орталығы аймақтардың ары қарай дамуына тың серпін береді, деп бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтқан болатын.