Орал зауытында жұмысшы қайтыс болды
© Photo : Пресс-служба министерства труда и социальной защиты Казахстана Строительная каска, иллюстративное фото
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Оралдағы әк зауытында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға 27 мамырда болған.
""Уральский известковый завод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысын автоматты төсеуші (автоукладчик) қысып қалып, жарақат алып қайтыс болды. Оқиға түнгі сағат 2.45-те болған. Қазіргі таңда еңбек инспекциясы басқармасы арнайы тергеп тексеру комиссиясын құрды, тексеру жүріп жатыр", - дейді Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов.
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 22 жазатайым оқиға болған. Еңбек инпекциясынң мәліметінше, былтырғы жылмен салыстырғанда мұндай оқиғалар саны бір деңгейде қалып тұр