https://sputnik.kz/20240528/ideyalardy-bolisuge-dayynbyz-toqaev-pen-niderland-premeri-ne-turaly-soylesti-44606646.html
"Идеяларды бөлісуге дайынбыз": Тоқаев Нидерланд премьерімен кездесті
"Идеяларды бөлісуге дайынбыз": Тоқаев Нидерланд премьерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте кездесу өткізді, деп... 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T14:24+0500
2024-05-28T14:24+0500
2024-05-28T14:34+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44604615_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_58c5c7ceb397ff0cce26e70bbba404d5.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды."Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор", – деді мемлекет басшысы.Сондай-ақ Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін айтты.Ал Марк Рютте екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Нидерландтың ықпалдастығын одан әрі жандандыру қажет екенін атап өтті."Мен Астанада алғаш рет 2010 жылы болдым. Бұл менің жаңа премьер-министр ретінде Еуропа Одағынан тысқары жерге жасаған алғашқы сапарым еді. Содан кейін 2015 жылы сапармен келдім. Сол кезде жүргізген келіссөздеріміз әлі есімде. Екіжақты байланыстарымыздың қарқынды дамып келе жатқаны мені әрқашан таңғалдырады", – деді Нидерланд үкіметінің басшысы.Ол Қазақстанның өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі теңгерімді ұстанымына айрықша құрметпен қарайтынын мәлім етті.Келіссөз барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, инновация, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, климат, су ресурстарын басқару салаларындағы байланыстарды нығайту жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Еуропа Одағымен ықпалдастық аясындағы диалогты жалғастыру маңызды екеніне назар аударылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44604615_0:0:1211:908_1920x0_80_0_0_bed1eff2ac9ac6b05d9d0e2589ef4db3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.
"Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор", – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр", – деп толықтырды ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін айтты.
Ал Марк Рютте екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Нидерландтың ықпалдастығын одан әрі жандандыру қажет екенін атап өтті.
"Мен Астанада алғаш рет 2010 жылы болдым. Бұл менің жаңа премьер-министр ретінде Еуропа Одағынан тысқары жерге жасаған алғашқы сапарым еді. Содан кейін 2015 жылы сапармен келдім. Сол кезде жүргізген келіссөздеріміз әлі есімде. Екіжақты байланыстарымыздың қарқынды дамып келе жатқаны мені әрқашан таңғалдырады", – деді Нидерланд үкіметінің басшысы.
Ол Қазақстанның өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі теңгерімді ұстанымына айрықша құрметпен қарайтынын мәлім етті.
"Сонымен қатар еліңізді жаңа деңгейге көтеру үшін атқарып жатқан ісіңізді жоғары бағалаймын. Біз ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы идеялар мен әзірлемелерімізді бөлісуге дайынбыз", – деді Марк Рютте.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, инновация, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, климат, су ресурстарын басқару салаларындағы байланыстарды нығайту жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Еуропа Одағымен ықпалдастық аясындағы диалогты жалғастыру маңызды екеніне назар аударылды.