Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары туралы айтады – бейнекөпір анонсы

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр - Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында 29 мамырда сағат 13.00-де "ЕАЭО елдерінің цифрлық жобалары" тақырыбында Мәскеу — Минск — Астана — Бішкек - Ереван бейнекөпірі өтеді.
Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар қоры әзірлеген жобалар қандай бағыттар бойынша дамиды?
ЕАЭО-да қолжетімді цифрлық сервистердің географиясы мен аудиториясы қалай кеңейеді?
Еуразия елдерінің халқы олардан қандай пайда көреді?
"ЕАЭО-дағы жұмыс" мобильдік қосымшасы арқылы мигранттарды жұмысқа орналастыру мәселелері қалай шешіледі?
Бұл жоба Беларуссияда қалай жұмыс істейді?
Кездесуге қатысатындар осы және басқа сұрақтарға жауап береді.
Мәскеудегі спикерлер:
Тигран Саркисян, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары, ЕАДБ цифрлық бастамалар қорының кураторы;
Александр Петров, ЕАДБ цифрлық бастамалар дирекциясының директоры.
Астанада:
Дәурен Рахымжанов, ЕАДБ цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры
Өтетін орны: Астана, Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығы, Қонаева көшесі 10-шы ғимарат, 31-қабат.
Сараптамалық кездесудің трансляциясы Sputnik Қазақстан сайтында және ВКонтакте парақшасында 29 мамырда сағат 13:00-де (Астана уақыты бойынша) тікелей эфирде өтеді.
Жаңалықтар
0