Директор қоқыс тазалап жүр: Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды – фото
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
Қонаев қаласының кешенді даму жоспары аясында Қапшағай су қоймасының 5 шақырымнан астам жағажайы абаттандырылады
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Қонаев қаласындағы Қапшағайда биылғы шомылу маусымы демалушыларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық әкімдік мамандары айтып берді.
Қапшағай жағажайына біртіндеп жан бітіп келеді. Ауа райы жақарып, кәсіпкерлер іске кірісе бастады. Көзге бірден түскені, қоқыстан көрінбей жататын жағалау биыл едәуір тазарып қалған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Күнде таңертең таңғы сағат алтыда тұрып, бүкіл жағалауда жүгіріп өтемін. Қолыма қолғап киіп алып, қоқысты өзім тазалаймын. Күніне 300-400 рет еңкейіп, қоқысты теріп аламын. Бізге ең бірінші кезекте тазалықты сақтау керек. Кезінде Сеул қаласы қандай лас еді, басшылығы қоқысты тазалауды өздері бастап, қазір қандай таза қала болды. Біз де солай істейміз", - дейді осы жұмысқа келгеніне 4 ай болған "Жасыл қала Қонаев" коммуналдық-қазыналық мекеме директоры Марк Бейдәли.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Марк Бейдәлидің айтуынша, Қонаев пен Қапшағай жағалауы айналасы екі айда жасылданып, ең әдемі қала болады. Айтпақшы, Қонаевты жасылдандыратын бір де бір техника болмаған, сынған техниканы жамап-жасқап, қазір ұзын-саны 20 техника жұмыс істеп тұр.
Қазіргі күні жағалауда қауырт құрылыс жүріп жатыр. Әкімдіктің айтуынша, демалыс орны халықаралық деңгейге жетеді.
"Бізде 7-ші жағажайдың мәселесі күрделілеу, көлемі 800 метрдей. Бірінші маусымнан бастап үш айға келісімшартқа тұрдық. 40-қа жуық кәсіпкермен келісімге келдік. Олар жағалауда кәсібін жасаумен қатар, сапалы қызмет көрсетіп, таза ұстауы керек. Биыл тағы бір жаңалық, кәсіби 20 құтқарушы болады, жай адамдар емес, спортшылар. Ал 15 адам жағажайды үтұрақты тазалап тұрады, олар күні-түні жұмыс істейді, өйткені демалушылар жағалауда 24 сағат жүреді", - дейді Марк Бейдәли.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Биыл жағалауға бейнебақылау бағаналары қойылады, өйткені ұрлық-қарлық көп.
"Негізінде проблема жоқ. Бәрі біртіндеп жасалып жатыр. Төрт стационарлық дәретхана қойылады, бұл жағалаудағы кәсіпкерлердікінен бөлек. Сол жерді жалға алған бизнес өкілдері әрқайсы өзіне дәретхана орнатады. Құтқаратын катерлер де көп болады", - дейді Марк Бейдәли.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қалалық жағажайдың маңындағы саябақта спортты дамыту мақсатында кроссфит алаңы абаттандырылып жатыр. Жалпы аумағы – 1,470 га. Жоба бойынша шағын футбол алаңы, баскетбол алаңы, воркаут алаңы орнатылады.
"Сонымен қатар 5-ші жағажайда да құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда халық демалу үшін барлық жағдай жасалады. Яғни, киім шешетін орын, дәретханалар, қоқыс жәшігі – жобада барлығы қарастырылған. Құтқарушылар отыратын жер де бар. Фотоаймақ, пирс те салынып жатыр. Жобаны биылғы 30 шілдеде аяқтау жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Спорт алаңы да қарастырылған", - дейді әкімдік мамандары.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қазіргі таңда 8-жағажайды абаттандыру жобасына түзетулер енгізіліп жатыр. Мердігер компания – "Golden City DS" ЖШС. Бұл жағажайдың аумағы 72 мың шаршы метрден асады. Мұнда бизнес орындары, әкімшілік және медициналық нысан, құтқару бекеттері, полиция бөлімшесі, әжетханалар мен жуынуға арналған орын, велотұрақ, шешінуге арналған орын, шатырлар орнатылады. Сонымен қатар жағажайда өрт қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы резервуарлар қойылады.
Қонаев қаласының кешенді даму жоспары аясында Қапшағай су қоймасының 5 шақырымнан астам жағажайы абаттандырылады. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жеке инвестиция мен бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі. Биыл жағажайларды толық абаттандыру үшін жобалық-сметалық құжатын дайындау жоспарланған.
Қазіргі күні Қапшағайға су көп келіп, демалушылар отыратын беседкалардың біразы суда қалған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
1/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
2/3
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
3/3

"Бұл уақытша құбылыс, басында осылай судың деңгейі көтеріледі, бірақ бір айдан соң су шегініп кетеді. Былтыр тамыз айында біздің беседкалар мен судың арасы 1 шақырым болып кеткен. Біртіндеп жағажайдағы тәртіп, қызмет қалпына келіп жатыр", - дейді кәсіпкер Михаил Ли.
Қонаевта демалушылар үшін саябақтарда әртүрлі нысандар орнатылып жатыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
1/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
2/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
1/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
2/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
3/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
4/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
5/5
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағайда шомылу маусымына дайындық басталды
"Көпфункционалды спорттық нысан салынады. Бұл жерде 400 алдамға трибуна жасалады, тұрып та тамашалауға болады. Болашақта концерт болсын, спорттық шаралар болсын, бәрін өткізуге болады. Бұйырса осы жаздың аяғында қолданысқа беріледі. Жалпы біздің жобада 8 гектар жер бар. 550 түп ағаш ектік, амфитеатр, субұрқақтар, демалу үшін барлық жағдай жасалған", - дейді жоба басшысы Аслан Жазаев.