https://sputnik.kz/20240528/bozymbaev-su-tasqynynan-zardap-shekken-30-mynnan-astam-otbasy-birzholgy-tolem-aldy-44592437.html
Бозымбаев: Су тасқынынан зардап шеккен 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
Бозымбаев: Су тасқынынан зардап шеккен 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T10:20+0500
2024-05-28T10:20+0500
2024-05-28T10:22+0500
су тасқыны
қанат бозымбаев
төлем
https://sputnik.kz/img/1137/00/11370068_0:41:3067:1766_1920x0_80_0_0_efea08424c542d7633eaa61eec24f1eb.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алғанын мәлімдеді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі."28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деді ол үкімет отырысында.Вице-премьердің мәліметінше су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақы беріледі) болып саналады.Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыны барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға беру тапсырылғанын атап өтті."Құрылыс маусымының қысқа мерзімін ескере отырып, жұмысты кешіктірмеуіміз керек. Оқу жылының басында тұрғын үй зардап шеккендерге берілуі қажет. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда", – деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды."Әкімдіктерге өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек", — деді Олжас Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1137/00/11370068_110:0:2839:2047_1920x0_80_0_0_9e785aff6f8e04fe41f6800b4c9e463d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қанат бозымбаев, төлем
су тасқыны, қанат бозымбаев, төлем
Бозымбаев: Су тасқынынан зардап шеккен 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алды
10:20 28.05.2024 (жаңартылды: 10:22 28.05.2024) Су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Вице-премьер Қанат Бозымбаев ауқымды су тасқынынан зардап шеккен 30 мыңнан астам отбасы біржолғы төлем алғанын мәлімдеді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"28 мамырдағы жағдай бойынша 30 538 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Жұмыс бақылауда, барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - деді ол үкімет отырысында.
Вице-премьердің мәліметінше су тасқыны салдарынан республика бойынша шамамен 12 155 тұрғын үйге, сондай-ақ 18 321 саяжай құрылысына зақым келді, оның 5 353-і зардап шеккендер үшін жалғыз баспанасы (өтемақы беріледі) болып саналады.
"Бүгінгі таңда 15 093 тұрғын үй мен саяжай құрылыстарына сараптама жасалды, ол жалпы санның – 84%. Қорытындыға сәйкес, 9 мыңнан астам үй қалпына келтіріледі, 4 315 үй – апатты деп танылды", - деп толықтырды Бозымбаев.
Өңірлерде 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, тағы 3 417-ін қайталама нарықтан сатып алу жоспарланып отыр.
Вице-премьер әкімдіктерге барлық қажетті қорытындыны барынша қысқа мерзімде ресімдеу және жаңа тұрғын үйді уақытында пайдалануға беру тапсырылғанын атап өтті.
"Құрылыс маусымының қысқа мерзімін ескере отырып, жұмысты кешіктірмеуіміз керек. Оқу жылының басында тұрғын үй зардап шеккендерге берілуі қажет. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда", – деп түйіндеді Қанат Бозымбаев.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
"Әкімдіктерге өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек", — деді Олжас Бектенов.