Біз шикізатты емес, жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет – Бектенов

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан шикізатты емес, жоғары өңделген тауарларды өндіруі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Үкімет жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру үшін өңдеу секторының негізгі ірі жобаларының тізбесін айқындады. Оған металлургия, химия, мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау және басқа да салалардың жобалары кірді", - деді Бектенов үкімет отырысында.
Шикізатты терең өңдеуге бағытталған барлығы 17 жоба бар. Олар өндірістік салалардың және бүкіл экономиканың дамуына ықпал етеді.
"Жалпы өңдеу секторын дамыту бойынша барлық негізгі бағыт мен міндеттер айқын. Біз шикізатты емес, жоғары өңделген тауарларды өндіруіміз қажет. Сонда ғана табыстың көбісі елімізде қалады, экономика өседі", — деп атап өтті премьер-министр.
Оның айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасында салық ставкасы шығарылатын тауардың өңдеу деңгейіне байланысты болады.
"Яғни кәсіпорын жоғары өңделген тауар шығарса, салық ставкасы төмен болады, ал жай шикізат шығаратын болса, салық жоғары болады. Бұл өндірістік дамуды ынталандыратын маңызды қадам", — деп түйіндеді Бектенов.
Жаңалықтар
0