Астана балабақшаларында 31 млн теңге үнемделді

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
Сауда үстемесін көтеруге жол берген бірқатар компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астананың мектепке дейінгі ұйымдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынжеткізу саласындағы тиімсіз делдалдарды алып тастағаннан кейін 31 млн теңгеден астам қаражат үнемдеді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Ведомство Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарына жеткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасын көтеру фактілерін анықтады.
"Сауда үстемесін көтеруге жол берген бірқатар компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйымдармен профилактикалық жұмыс жүргізілді", - делінген хабарламада.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде балабақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде жеткізушілермен өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасалады.
Қазіргі уақытта қаланың 21 мектепке дейінгі мекемесіне ӘМАТ жеткізу шарттары бойынша бағаны төмендетуге қол жеткізілді. Олардан 31 млн теңгеден астам қаражат үнемделді.
Баға төмендегі азық-түлік тізімі бойынша төмендеді:
сәбіз 49%-ға (336-дан 170 теңгеге дейін),
картоп 40%-ға (336-дан 200 теңгеге дейін),
қырыққабат 54%-ға (370-тен 170 теңгеге дейін),
пияз 45%-ға (220-дан 120 теңгеге дейін).
Жаңалықтар
0