Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ пен ЕО Ресей мен Украина арасындағы бітімге қол қоюға кедергі жасады – Мадуро

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезидент Венесуэлы Николас Мадуро
Президент Венесуэлы Николас Мадуро - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ үкіметі мен Еуроодақ элитасы батыстық қару өндірушілердің табысын арттыру үшін Украина мен Ресей арасында бейбіт келісімге қол қоюға кедергі келтірді деп мәлімдеді.
"Алдын ала келісім қол қоюға дайын болды, ал АҚШ үкіметі мен Еуроодақ элитасы қол қоймауға нұсқау берді. Ресейді шайқалтып, басып кіреміз деді. Міне, қазір қару-жарақ компаниялары үшін қомақты табыс әкелетін соғысты үдетіп жатыр", - деді Венесуэла президенті Venezolana de Televisión телеарнасындағы апталық бағдарламада.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0