Ұлытауда 3,7 млрд теңгенің тендері тоқтатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде бағаны 17,2 млн теңгеге негізсіз көтерген
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ұлытау облысында прокурорлар жыл басынан бері 3,7 млрд теңгені құрайтын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Жергілікті атқарушы органдар конкурс жариялағанда тиісті сараптама жүргізбеген. Жобалық-сметалық құжаттама болмай жатады, сондай-ақ негізсіз талаптар қойылады.
"Мысалы, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған. Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған. Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған", - дейді прокурорлар.
Ал облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде бағаны 17,2 млн теңгеге негізсіз көтерген. Прокурорлардың араласуымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетері, бұған дейін Жоғары аудиторлық палата Ұлытау облысында өткізген екі жылдық аудиттің нәтижесін жариялаған болатын.
Жаңалықтар
0