https://sputnik.kz/20240527/turikmenstandy-tarikhi-turgydan-tuys-memleket-retinde-qarastyramyz---prezident-44587431.html
Түрікменстанды тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз - президент
Түрікменстанды тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз - президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі... 27.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-27T20:04+0500
2024-05-27T20:04+0500
2024-05-27T20:04+0500
түрікменстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44587093_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_9b8d1e9e07ff7402f470bcc3df8f3dba.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.Рашид Мередов дәстүрлі түрде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша Астанамен арадағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Ашхабадтың бейілді екенін растады.Кездесуде сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ аталған жобаларды толықтай іске асыру маңызды екені атап өтіліп, бұл бауырлас мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға жаңа сипат беретіні жайында айтылды.Жылдан-жылға тың мазмұнмен байып келе жатқан мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа баса мән берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рашид Мередов өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін қарастырды.
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44587093_38:0:1242:903_1920x0_80_0_0_d1197501b2ac1fc45d81ce8f0ff51879.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, қасым-жомарт тоқаев
түрікменстан, қасым-жомарт тоқаев
Түрікменстанды тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз - президент
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.
"Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.
Рашид Мередов дәстүрлі түрде құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтып, мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша Астанамен арадағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге Ашхабадтың бейілді екенін растады.
Кездесуде сауда-экономика, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ аталған жобаларды толықтай іске асыру маңызды екені атап өтіліп, бұл бауырлас мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарға жаңа сипат беретіні жайында айтылды.
Жылдан-жылға тың мазмұнмен байып келе жатқан мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рашид Мередов өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін қарастырды.