Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

© Sputnik / Анатолий Устиненко Алматы
 Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қаланың тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2024 жылдың 27 мамырында Атырау және Алматы қалаларында ауаның ластануына байланысты метеорологиялық жағдай қолайсыз болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
Қолайсыз ауа райы кезінде атмосфералық ауаның жер үсті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) топтасады.
Синоптиктер сондай-ақ 27 мамырда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжам ұсынды.
"Циклон және онымен байланысты суық атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына әсерін сақтайды, түнде ауа райы жауын-шашынды болады, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, солтүстік-шығыста нөсер жауын жауады", - дейді метеорологтар.
Елдің оңтүстігінде ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, орталықта дауыл соғады, түнде оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының батысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысында, Түркістан облысының таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді деп болжанып отыр.
Жаңалықтар
0