Қазақстанның Ресейдегі елшісі Волгоградтағы өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралайды

© Photo : Пресс-служба Исполкома СНГДаурен Абаев принял участие в X Невском международном экологическом конгрессе
Даурен Абаев принял участие в X Невском международном экологическом конгрессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев сапар аясында Волгоградтағы өндіріс орындарын аралауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости Волгоград облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биліктің хабарлауынша, Абаев Волгоградта жұмыс сапарымен жүр, ол Мамаев Кургандағы мемориалдық кешенге барып, Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаровпен кездесті. Тараптар өңір мен Қазақстан арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты талқылағаны атап өтілді. Әкімшіліктің мәліметінше, Қазақстан Волгоград облысындағы сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі бойынша екінші орында тұр.
"2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың үлесі 31%-ға өсті, өңірдегі 200-ден астам кәсіпорын қазақстандық серіктестермен экспорттық-импорттық операцияларға қатысады", - делінген хабарламада.
Әкімшілік сапар барысында Дәурен Абаев бірқатар өндіріс орындарын аралауды жоспарлап отырғанын түсіндірді.
Жаңалықтар
0