https://sputnik.kz/20240527/mektepterde-emtikhan-bastaldy-44573240.html
Мектептерде емтихан басталды
Мектептерде емтихан басталды
Sputnik Қазақстан
Оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді 27.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-27T12:21+0500
2024-05-27T12:21+0500
2024-05-27T12:21+0500
емтихан
https://sputnik.kz/img/711/84/7118474_0:79:1498:922_1920x0_80_0_0_8ea6fcf5ad13e0cdf2f00ba845601f64.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихан тапсыру кезеңі басталды. Ол 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Биыл алғаш рет оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді.29 мамыр мен 10 маусым аралығында 9-сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар өтеді, ал 11-сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады."Ақтөбе облысынан 9, Атырау облысынан 20 және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектептің оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9-сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11-сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/711/84/7118474_83:0:1416:1000_1920x0_80_0_0_ddca46af74534f0ae76969120d7c7176.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
емтихан
Мектептерде емтихан басталды
Оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Бүгін еліміздің мектептерінде аралық және қорытынды емтихан тапсыру кезеңі басталды. Ол 11 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл алғаш рет оқу және жазу сауаттылығын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар үшін 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихандар өтеді.
"Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өзі белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберлігін көрсетеді", - делінген хабарламада.
29 мамыр мен 10 маусым аралығында 9-сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар өтеді, ал 11-сыныпты бітірушілер 28 мамыр - 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.
"Ақтөбе облысынан 9, Атырау облысынан 20 және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектептің оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9-сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11-сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.