https://sputnik.kz/20240527/eaeo-elderinin-byudzheti-qazaqstan-tapshylyqty-242-ga-arttyrdy-resey-858-ga-qysqartty-44574613.html
ЕАЭО елдерінің бюджеті: Қазақстан тапшылықты 24,2%-ға арттырды, Ресей 85,8%-ға қысқартты
ЕАЭО елдерінің бюджеті: Қазақстан тапшылықты 24,2%-ға арттырды, Ресей 85,8%-ға қысқартты
Sputnik Қазақстан
Бұл ретте Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде сыртқы қарызын ең көп қысқартқан ел болып тұр 27.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-27T13:32+0500
2024-05-27T13:32+0500
2024-05-27T13:32+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_d6361e0c4e0d3ed48406c2c1ae0fbc8c.jpg
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бюджет тапшылығын 24,2%-ға арттырса, Ресейде бұл көрсеткіш – 85,8%-ға немесе 1,8 трлн рубльге жуық төмендеді.Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріндегі бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік қарызы туралы мәліметтерді жариялады.Комиссия өкілдері ЕАЭО елдеріндегі бюджет көрсеткіштерінің көп бағытты өсу қарқынын айтты, бірақ мұндай өзгерістердің себептеріне тоқталмаған.Алайда одақ статистикасының мәліметі бойынша Армениядағы тапшылық биылғы жылдың бірінші тоқсанында тек ұлттық валютада көрсетілді. Доллармен есептегенде республика көрсеткішінде бюджет шығыстары кіріспен толығымен теңестірілді.ЕЭК статистика мамандарының мәліметі бойынша Қазақстандағы бюджет тапшылығы бірінші тоқсанда 2,3 миллиард долларды құрады, ал бір жыл бұрын ол шамамен 1,8 миллиард долларды құрады."Бюджеттің ең маңызды өзгерістері Ресейде байқалды, онда федералды бюджет кірістері 53,6%-ға өсті, бұл негізінен өткен жылдың басындағы төмен базамен түсіндіріледі", - деп қосты комиссия.Ресейде бірінші тоқсанда доллармен есептегенде бюджет тапшылығы 3,3 миллиард болса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 28,7 миллиард болған.Еуразиялық экономикалық комиссияның статистиктері Армения, Қазақстан және Қырғызстанда бюджеттің шығыс бөлігінде әлеуметтік сала мен ұлттық іс-шараларды қаржыландыру айтарлықтай үлесті алғанын айтты."Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі республикалық іс-шараларға жұмсалған шығыстардың үлесі өсті, ал әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған шығыстар азайды", - деп хабарлады ЕЭК.Республикалық бюджет кірістерінің құрылымында басым үлесті қосылған құн салығы (27% - 47%) және бюджет кірістеріне түсетін басқа да түсімдер (31% - 54%) алды.2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютада көрсетілген мемлекеттік қарыз Арменияда – 13,1%-ға, Қазақстанда – 3,2%-ға, Қырғызстанда – 13,7%-ға, Ресейде – 10,3%-ға өсті."Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік қарызының құрылымында сыртқы қарыз басым болды, ал Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз басым болды", - делінген статистиктердің зерттеуінде.2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз Арменияда (0,5%-ға) және Қырғызстанда (1,3%-ға) өсті, Қазақстанда (9,9%-ға) және Ресейде (6,8%-ға) төмендеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/08/42163037_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_253e9ce90d606ae436bba6c30a15cc3f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО елдерінің бюджеті: Қазақстан тапшылықты 24,2%-ға арттырды, Ресей 85,8%-ға қысқартты
Бұл ретте Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде сыртқы қарызын ең көп қысқартқан ел болып тұр
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бюджет тапшылығын 24,2%-ға арттырса, Ресейде бұл көрсеткіш – 85,8%-ға немесе 1,8 трлн рубльге жуық төмендеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріндегі бюджеттің орындалуы мен мемлекеттік қарызы туралы мәліметтерді жариялады.
"2024 жылдың 1 тоқсанында республикалық бюджет тек Қырғызстанда артығымен орындалды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Арменияда бюджет артығымен орнын толтырды, Қазақстанда бюджет тапшылығы 24,2%-ға артты. Ал Ресейде ол 85,8%-ға қысқарды", - делінген хабарламада.
Комиссия өкілдері ЕАЭО елдеріндегі бюджет көрсеткіштерінің көп бағытты өсу қарқынын айтты, бірақ мұндай өзгерістердің себептеріне тоқталмаған.
Алайда одақ статистикасының мәліметі бойынша Армениядағы тапшылық биылғы жылдың бірінші тоқсанында тек ұлттық валютада көрсетілді. Доллармен есептегенде республика көрсеткішінде бюджет шығыстары кіріспен толығымен теңестірілді.
ЕЭК статистика мамандарының мәліметі бойынша Қазақстандағы бюджет тапшылығы бірінші тоқсанда 2,3 миллиард долларды құрады, ал бір жыл бұрын ол шамамен 1,8 миллиард долларды құрады.
"Бюджеттің ең маңызды өзгерістері Ресейде байқалды, онда федералды бюджет кірістері 53,6%-ға өсті, бұл негізінен өткен жылдың басындағы төмен базамен түсіндіріледі", - деп қосты комиссия.
Ресейде бірінші тоқсанда доллармен есептегенде бюджет тапшылығы 3,3 миллиард болса, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 28,7 миллиард болған.
Еуразиялық экономикалық комиссияның статистиктері Армения, Қазақстан және Қырғызстанда бюджеттің шығыс бөлігінде әлеуметтік сала мен ұлттық іс-шараларды қаржыландыру айтарлықтай үлесті алғанын айтты.
"Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі республикалық іс-шараларға жұмсалған шығыстардың үлесі өсті, ал әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған шығыстар азайды", - деп хабарлады ЕЭК.
Республикалық бюджет кірістерінің құрылымында басым үлесті қосылған құн салығы (27% - 47%) және бюджет кірістеріне түсетін басқа да түсімдер (31% - 54%) алды.
"Арменияда табыс салығының және Қырғызстанда қосылған құн салығының үлесі өсті, Ресейде бәсеңдетілетін құрамдас бөлігі бар шикі мұнайға кері акциз салу нәтижесінде акциздер теріс мәнге ие болды", - деп атап өтті статистика мамандары.
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютада көрсетілген мемлекеттік қарыз Арменияда – 13,1%-ға, Қазақстанда – 3,2%-ға, Қырғызстанда – 13,7%-ға, Ресейде – 10,3%-ға өсті.
"Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік қарызының құрылымында сыртқы қарыз басым болды, ал Қазақстан мен Ресейде ішкі қарыз басым болды", - делінген статистиктердің зерттеуінде.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз Арменияда (0,5%-ға) және Қырғызстанда (1,3%-ға) өсті, Қазақстанда (9,9%-ға) және Ресейде (6,8%-ға) төмендеді.