https://sputnik.kz/20240526/ozbekstannan-koship-kelgen-qazaq-boksshysy-neni-armandaytynyn-aytty-44564582.html
Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы нені армандайтынын айтты
Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы нені армандайтынын айтты
Sputnik Қазақстан
Жас боксшының талантын байқаған Қазақстандағы туысқан ағасы оған демеу болып, атамекеніне тездетіп көшуіне ықпал еткен 26.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-26T18:54+0500
2024-05-26T18:54+0500
2024-05-26T19:03+0500
қазақстандық боксшы
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1a/44565005_0:135:1280:855_1920x0_80_0_0_cccd37f775fa62899dc6a337c42ddde3.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан құрамасына тағы бір жас әрі өнерлі боксшы қосылды. 19 жастағы Аман Қонысбеков Өзбекстаннан келді. Бұған дейін көрші елдің атынан шықса, биылдан бастап Қазақстанның намысын қорғауға шешім қабылдады. Ал атамекеніне оралған бойда халықаралық турнирде жүлдегер атанды. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген жас спортшы Өзбекстаннан не себепті кетіп қалғанын айтып, алдағы жоспарын бөлісті.Үйдің кенжесіАман Қонысбеков Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. Отбасында төрт бала бар. Әкесі – көлік жүргізуші. Анасы жергілікті емханада медбике болып істейді."Біз үйде төрт ағайындымыз, екі әпкем, бір ағам бар, кенжесі – мен. Екі әпкем тұрмыста, ағам да көлік жүргізуші. Олар Өзбекстанда, ауылда қалды. Бізде екі-үш жылдан бері көшеміз деген ой болған. Қазақстанның қай облысына баратынымызды да талай рет талқыладық. Енді көшті мен бастап тұрмын ғой. Осында жағдайды жасап алғаннан кейін үйдегілерді көшіріп алуым керек. Бұл – негізгі мақсатым", - дейді ол.Аманның ағасы бұрын бокспен айналысқан. Үйдің кенжесі де осы спортпен шұғылданып жүріп, спорт мектебіне қабылданған. Оны бітіргеннен кейін Бұқарадағы университеттің спорт факультетіне түсті.Өзбекстаннан көшуге бокс себеп болды ма?Аман әуелде қобалжу болғанын да жасырмады. Бірақ боксшының өнерін байқаған Қазақстандағы туысқан ағасы оған демеу болып, атамекеніне тездетіп көшуіне ықпал етіпті."Бұл жақта Исатай Ізбасаров деген туысқан ағам бар. Сол кісі менің демеушім, осында алып келді, өз үйіне алды. Барлық жағдайымды жасап берді. Жалғыз өзім келсем, не жұмыс істеу керек, не бокспен айналысу қажет болушы еді. Ал екеуін бірге алып жүру қиын. Исатай ағам бапкерге де алып барды. Қазір Түркістан облысының атынан шығып жүрмін", - дейді спортшы.Өзбекстандағы бапкерлер бас кезінде қарсы болған. Бірақ Аман алған бетінен қайтпады."Менің көшуіме бокс қана себеп емес. Туыстардың ішінде Өзбекстанда біз ғана қалдық, барлығы Қазақстанда. Бізге де көшу керек дедім. Сөйтіп, ол жақтағы бапкерлерім келісті, батасын да берді. Ал Қазақстанның ұлттық құрамасында мені өте жақсы қабылдады. Ауызбіршілік сезіледі, сыйластық мол. Мені бөліп жарған жоқ, бірден бауырымыз келді деп, жақын тартты", - деп атап өтті Қонысбеков.Аман әке-шешесін Астанаға көшіріп алғысы келеді. Бірақ әкесі Түркістанды қалап отыр. Себебі туысқандардың барлығы сол жақта.Жоспар қандай?Аман Қонысбеков алдымен Қазақстан чемпионатында топ жаруды жоспарлап отыр."71 келі ең үздік салмақ қой, ол жерде бәсеке жоғары. Енді бәрі Алланың қалауымен ғой, барымызды салып бокстасамыз. Маңдайымызға жазылған болса, жеңіп шығамыз", - дейді жас спортшы.Аман Олимпиаданы да армандайды. Одан кейін кәсіби боксқа ауысуды көздеп отыр."Негізі менің стилім кәсіби боксқа көбірек келеді. Соған ауысатын ойым бар. Бірақ алдымен әлем чемпионаттары мен Олимпиаданы алу керек. 2028 жылғы Лос-Анжелес Олимпиадасына баруға тырысамыз", - деп атап өтті Қонысбеков.Аман бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін көріп өсіпті. Оған Генаның қарсыласын нокаутқа түсіретін стилі ұнайды екен.Бокстағы жетістіктеріҚазақ бокшысы Өзбекстанда жастар чемпионаттарына қатысқан. Ал 2023 жылы ересектер арасындағы чемпионатта қола жүлдегер атанды. Сол жарыста жас боксшы жартылай финалда Асадхужа Муйдинхужаевты нокдаунға түсірген. Желіде осы жекпе-жектің видеосы бар.Өзбектің дәл осы боксшысы биыл Париж Олимпиадасына барады. Ал Аман Қонысбеков Қазақстанға ауысып келген бойда "Елорда Кубогы" III халықаралық турнирінде қола жүлдені жеңіп алды. Сол жерде өте тартысты жекпе-жектер көрсетті.Өзбекстандық боксшы Хавасбек Асадуллаевпен де жұдырықтасты."Өзбекстан мен Қазақстан боксы арасында көп айырмашылық жоқ. Бірақ өзіне тән қасиеттері бар. Мәселен, Қазақстанда техникаға басымдық берілсе, Өзбекстан боксшылары "физикаға" көбірек жұмыс істейді. Мен өзім Өзбекстаннан "физиканы" алып келдім, енді Мырзағали аға техниканы қойып берсе, керемет болады", - дейді Аман Қонысбеков.Құраманың бас бапкері жас боксшыға магистратураны оқуға кеңес берді. Аман биыл Бұқарадағы университетін бітіріп, Түркістанға магистратураға түсуді жоспарлап отыр.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1a/44565005_0:15:1280:975_1920x0_80_0_0_eee93559af85826c8d5990ea24a2d0ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
қазақстандық боксшы, өзбекстан
қазақстандық боксшы, өзбекстан
Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы нені армандайтынын айтты
18:54 26.05.2024 (жаңартылды: 19:03 26.05.2024) Жас боксшының талантын байқаған Қазақстандағы туысқан ағасы оған демеу болып, атамекеніне тездетіп көшуіне ықпал еткен
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстан құрамасына тағы бір жас әрі өнерлі боксшы қосылды. 19 жастағы Аман Қонысбеков Өзбекстаннан келді. Бұған дейін көрші елдің атынан шықса, биылдан бастап Қазақстанның намысын қорғауға шешім қабылдады. Ал атамекеніне оралған бойда халықаралық турнирде жүлдегер атанды. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген жас спортшы Өзбекстаннан не себепті кетіп қалғанын айтып, алдағы жоспарын бөлісті.
Аман Қонысбеков Өзбекстанның Навои облысында дүниеге келген. Отбасында төрт бала бар. Әкесі – көлік жүргізуші. Анасы жергілікті емханада медбике болып істейді.
"Біз үйде төрт ағайындымыз, екі әпкем, бір ағам бар, кенжесі – мен. Екі әпкем тұрмыста, ағам да көлік жүргізуші. Олар Өзбекстанда, ауылда қалды. Бізде екі-үш жылдан бері көшеміз деген ой болған. Қазақстанның қай облысына баратынымызды да талай рет талқыладық. Енді көшті мен бастап тұрмын ғой. Осында жағдайды жасап алғаннан кейін үйдегілерді көшіріп алуым керек. Бұл – негізгі мақсатым", - дейді ол.
Аманның ағасы бұрын бокспен айналысқан. Үйдің кенжесі де осы спортпен шұғылданып жүріп, спорт мектебіне қабылданған. Оны бітіргеннен кейін Бұқарадағы университеттің спорт факультетіне түсті.
Өзбекстаннан көшуге бокс себеп болды ма?
Аман әуелде қобалжу болғанын да жасырмады. Бірақ боксшының өнерін байқаған Қазақстандағы туысқан ағасы оған демеу болып, атамекеніне тездетіп көшуіне ықпал етіпті.
"Бұл жақта Исатай Ізбасаров деген туысқан ағам бар. Сол кісі менің демеушім, осында алып келді, өз үйіне алды. Барлық жағдайымды жасап берді. Жалғыз өзім келсем, не жұмыс істеу керек, не бокспен айналысу қажет болушы еді. Ал екеуін бірге алып жүру қиын. Исатай ағам бапкерге де алып барды. Қазір Түркістан облысының атынан шығып жүрмін", - дейді спортшы.
Өзбекстандағы бапкерлер бас кезінде қарсы болған. Бірақ Аман алған бетінен қайтпады.
"Менің көшуіме бокс қана себеп емес. Туыстардың ішінде Өзбекстанда біз ғана қалдық, барлығы Қазақстанда. Бізге де көшу керек дедім. Сөйтіп, ол жақтағы бапкерлерім келісті, батасын да берді. Ал Қазақстанның ұлттық құрамасында мені өте жақсы қабылдады. Ауызбіршілік сезіледі, сыйластық мол. Мені бөліп жарған жоқ, бірден бауырымыз келді деп, жақын тартты", - деп атап өтті Қонысбеков.
Аман әке-шешесін Астанаға көшіріп алғысы келеді. Бірақ әкесі Түркістанды қалап отыр. Себебі туысқандардың барлығы сол жақта.
Аман Қонысбеков алдымен Қазақстан чемпионатында топ жаруды жоспарлап отыр.
"71 келі ең үздік салмақ қой, ол жерде бәсеке жоғары. Енді бәрі Алланың қалауымен ғой, барымызды салып бокстасамыз. Маңдайымызға жазылған болса, жеңіп шығамыз", - дейді жас спортшы.
Аман Олимпиаданы да армандайды. Одан кейін кәсіби боксқа ауысуды көздеп отыр.
"Негізі менің стилім кәсіби боксқа көбірек келеді. Соған ауысатын ойым бар. Бірақ алдымен әлем чемпионаттары мен Олимпиаданы алу керек. 2028 жылғы Лос-Анжелес Олимпиадасына баруға тырысамыз", - деп атап өтті Қонысбеков.
Аман бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін көріп өсіпті. Оған Генаның қарсыласын нокаутқа түсіретін стилі ұнайды екен.
Қазақ бокшысы Өзбекстанда жастар чемпионаттарына қатысқан. Ал 2023 жылы ересектер арасындағы чемпионатта қола жүлдегер атанды. Сол жарыста жас боксшы жартылай финалда Асадхужа Муйдинхужаевты нокдаунға түсірген. Желіде осы жекпе-жектің видеосы бар.
Өзбектің дәл осы боксшысы биыл Париж Олимпиадасына барады. Ал Аман Қонысбеков Қазақстанға ауысып келген бойда "Елорда Кубогы" III халықаралық турнирінде қола жүлдені жеңіп алды. Сол жерде өте тартысты жекпе-жектер көрсетті.
Өзбекстандық боксшы Хавасбек Асадуллаевпен де жұдырықтасты.
"Өзбекстан мен Қазақстан боксы арасында көп айырмашылық жоқ. Бірақ өзіне тән қасиеттері бар. Мәселен, Қазақстанда техникаға басымдық берілсе, Өзбекстан боксшылары "физикаға" көбірек жұмыс істейді. Мен өзім Өзбекстаннан "физиканы" алып келдім, енді Мырзағали аға техниканы қойып берсе, керемет болады", - дейді Аман Қонысбеков.
Құраманың бас бапкері жас боксшыға магистратураны оқуға кеңес берді. Аман биыл Бұқарадағы университетін бітіріп, Түркістанға магистратураға түсуді жоспарлап отыр.