https://sputnik.kz/20240526/khalyq-zangeri-aktsiyasy-astanalyqtar-tegin-kenes-ala-alady-44560669.html
"Халық заңгері" акциясы: астаналықтар тегін кеңес ала алады
"Халық заңгері" акциясы: астаналықтар тегін кеңес ала алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 30 мамыр күні сағат 17:00-де Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында... 26.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-26T10:34+0500
2024-05-26T10:34+0500
2024-05-26T10:34+0500
астана
заң
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44316185_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_86ed256552f7e53fc6611c8965f46deb.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 30 мамыр күні сағат 17:00-де Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында.Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері қатысады.Акцияны ұйымдастырушылар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі."Халық заңгері" акциясы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алған. Қазақстандықтар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ екенін айтады сарапшылар.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/10/44316185_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_88384e18bc3fcabef25a9e1df21beb2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, заң
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. 30 мамыр күні сағат 17:00-де Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Халық заңгері" жалпыреспубликалық акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Оған адвокаттар, нотариустар, судьялар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полицейлер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әділет, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының қызметкерлері қатысады.
Акцияны ұйымдастырушылар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі.
"Халық заңгері" акциясы бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысқан. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алған. Қазақстандықтар акцияны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіруде.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ екенін айтады сарапшылар.