https://sputnik.kz/20240526/aqtobe-turgyny-kuyeuin-durys-emdemegen-emkhanadan-700-myn-tenge-ondirip-aldy-44564342.html
Ақтөбе тұрғыны күйеуін дұрыс емдемеген емханадан 700 мың теңге өндіріп алды
Ақтөбе тұрғыны күйеуін дұрыс емдемеген емханадан 700 мың теңге өндіріп алды
Sputnik Қазақстан
Емханадағызаң бұзушылықтар пациент денсаулығының нашарлауына әсер етіп, артынан қайтыс болуына әкелген 26.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-26T20:44+0500
2024-05-26T20:44+0500
2024-05-26T20:44+0500
емхана
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғыны емхананы сотқа беріп, 700 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына сілтеме жасап.Әйелдің күйеуімүгедек болған және көптен бері №2 емханаға көрініп жүрген. Былтыр сәуір айында ер адам қайтыс болған. Ал оның әйелі емхана мамандарын күйеуін уақытылы және сапалы көмек көрсетпегені үшін айыптаған. Емхананы және дәрігерді сотқа беріп, жалғыз асыраушысынан айырылуына байланысты 1 миллион теңгенің моральдық шығынын өтеп беруді талап етіпті.Сотта емхананың өкілі әйелдің талабымен келіспей, ер адамның өлімі мен емхана қызметкерлерінің әрекеті арасында ешқандай байланыс болмағанын мәлімдеді. Ал фармацевтикалық және медициналық бақылау департаментінің мамандары пациентті емдеу тәртібі бұзылғанын анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында көрсетілген талаптар да орындалмаған.Судья анықталған заң бұзушылықтар пациент денсаулығының нашарлауына әсер етті, ал ең соңында оның қайтыс болуына әкелді дегеншешім қабылдады. Осылайша емханада сапасыз медициналық көмек көрсетілгені дәлелденді.Сот шешімімен емхана жәбірленушіге 700 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
емхана
Ақтөбе тұрғыны күйеуін дұрыс емдемеген емханадан 700 мың теңге өндіріп алды
Емханадағызаң бұзушылықтар пациент денсаулығының нашарлауына әсер етіп, артынан қайтыс болуына әкелген
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғыны емхананы сотқа беріп, 700 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Диапазон" порталына
сілтеме жасап.
Әйелдің күйеуімүгедек болған және көптен бері №2 емханаға көрініп жүрген. Былтыр сәуір айында ер адам қайтыс болған. Ал оның әйелі емхана мамандарын күйеуін уақытылы және сапалы көмек көрсетпегені үшін айыптаған. Емхананы және дәрігерді сотқа беріп, жалғыз асыраушысынан айырылуына байланысты 1 миллион теңгенің моральдық шығынын өтеп беруді талап етіпті.
Сотта емхананың өкілі әйелдің талабымен келіспей, ер адамның өлімі мен емхана қызметкерлерінің әрекеті арасында ешқандай байланыс болмағанын мәлімдеді. Ал фармацевтикалық және медициналық бақылау департаментінің мамандары пациентті емдеу тәртібі бұзылғанын анықтады. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында көрсетілген талаптар да орындалмаған.
Судья анықталған заң бұзушылықтар пациент денсаулығының нашарлауына әсер етті, ал ең соңында оның қайтыс болуына әкелді дегеншешім қабылдады. Осылайша емханада сапасыз медициналық көмек көрсетілгені дәлелденді.
Сот шешімімен емхана жәбірленушіге 700 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеп беруге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.