Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ-та Украинадағы қақтығыс жалдамалы сарбаздар үшін тиімсіз болғанын айта бастады

© Sputnik / Станислав КрасильниковАртиллеристы 3-го армейского корпуса группировки "Юг" ведут огонь из 152-миллиметровой гаубицы Д-20 по позициям ВСУ на Артемовском направлении в зоне проведения СВО
Артиллеристы 3-го армейского корпуса группировки Юг ведут огонь из 152-миллиметровой гаубицы Д-20 по позициям ВСУ на Артемовском направлении в зоне проведения СВО - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Украинадағы қақтығыс шетелдік жеке меншік әскери компаниялар үшін тиімсіз болып шықты. Бұл туралы РИА Новостиге сұхбат берген АҚШ-тың барлау және қауіпсіздік саласындағы MOSAIC компаниясының төрағасы Тони Шиена мәлімдеді.
Оның ойынша, Киевте жалдамалы сарбаздарды ұстауға қаржысы жетпей қалуі мүмкін. Ал ресейлік әскер шабуылға көшсе, жалдамалы сарбаздар қажет болады. Дегенмен Украинадағы қақтығыс жеке меншік әскери компаниялар үшін тиімді болмады. Оның да өзіндік себебі бар.
"Әдетте жеке меншік әскери компанияларын ұлттық қорғаныс стратегияларына қосып жатады. Соның нәтижесінде жалдамалы сарбаздар бюджет пен мемлекеттік келісімшарттар есебінен пайда табады. Бірақ Украинадағы жағдай ондай модельден ауытқып отыр", - дейді Шиена.
Компания басшысы Киевте жалдамалы әскерге бөлінген қаржының жоқ екенін ерекше атап өтті. Оларды жалпы қорғаныс бюджетіне де қоспаған. Барлығын жеке меншік қаржының есебінен ұстайды. Соның салдарынан қаражат тұрақты түрде түспейді.
"Алдағы уақытта жеке меншік әскери компаниялардың рөлі артуы мүкін. Себебі жазғы шабуылдың алдында жеке құрамды күшейту керек. Бірақ бір мәселе белгісіз болып тұр. Киевте ондай келісімшартарға жететін қаржылай ресурстары бар ма? Мәселе сонда", - деп атап көрсетті Шиена.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі АҚШ, Ұлыбритания, Грузия және тағы басқа елдерден келген жалдамалы сарбаздардың жойылғанын хабарлаған. Министрліктің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін Украинаға 13 387 шетелдік жалдамалы сарбаз келген. 5 962 сарбаз оққа ұшты.
Жаңалықтар
0