https://sputnik.kz/20240526/abay-oblysynda-zhylu-elektr-ortalygyn-salatyn-reseylik-kompaniya-okilderimen-kezdesu-otti-44561333.html
Абай облысында жылу электр орталығын салатын ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтті
Абай облысында жылу электр орталығын салатын ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Абай облысында жылу электр орталығын салатын ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтіп, жұмыс жоспары талқыға салынды. 26.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-26T09:48+0500
2024-05-26T09:48+0500
2024-05-26T09:48+0500
абай облысы
ресей
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1a/44561170_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_02a492c474dbdd27da55587e4e7506eb.jpg
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Абай облысында жылу электр орталығын салатын ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтіп, жұмыс жоспары талқыға салынды.2024 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде Семей қаласында жылу электр орталығын салу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай Абай облысы әкімдігі мен "Интер РАО-Экспорт" ЖШҚ компаниясы өкілдері арасында кездесу өтті.Кездесуде тараптар жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары мен іске асыру жолдарын талқылады. Осылайша, негізгі жабдықтың қуаты, орналасуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы және ЖЭО-3 құрылысының мерзімі алдын ала анықталды. Болашақ жылу электр орталығына отын көзі де орнатылды.Облыс әкімдігі техникалық параметрлер туралы ұсыныс енгізді. Оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ құрауы тиіс.Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құрылыс алаңы ретінде 2023 жылғы 14 шілдедегі №7 алқалы хаттамалық шешімімен Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінің артындағы ауданы шамамен 60 га жер учаскесі бекітілген болатын.
абай облысы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1a/44561170_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_889c67d104c796f6794fbab3ac161fe3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, ресей, жылу электр орталығы
абай облысы, ресей, жылу электр орталығы
АСТАНА, 26 мамыр – Sputnik. Абай облысында жылу электр орталығын салатын ресейлік компания өкілдерімен кездесу өтіп, жұмыс жоспары талқыға салынды.
2024 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде Семей қаласында жылу электр орталығын салу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай Абай облысы әкімдігі мен "Интер РАО-Экспорт" ЖШҚ компаниясы өкілдері арасында кездесу өтті.
Кездесуде тараптар жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары мен іске асыру жолдарын талқылады. Осылайша, негізгі жабдықтың қуаты, орналасуы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы және ЖЭО-3 құрылысының мерзімі алдын ала анықталды. Болашақ жылу электр орталығына отын көзі де орнатылды.
Облыс әкімдігі техникалық параметрлер туралы ұсыныс енгізді. Оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ құрауы тиіс.
Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құрылыс алаңы ретінде 2023 жылғы 14 шілдедегі №7 алқалы хаттамалық шешімімен Семей қаласының сол жағалауындағы Степной кентінің артындағы ауданы шамамен 60 га жер учаскесі бекітілген болатын.