https://sputnik.kz/20240525/atyrauda-taldykol-auylynyn-turgyndary-evakuatsiyalanyp-zhatyr-44554618.html
Атырауда Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Атырауда Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Sputnik Қазақстан
Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады 25.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-25T10:40+0500
2024-05-25T10:40+0500
2024-05-25T10:51+0500
атырау облысы
су басу қаупі
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308800_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_3696e66ca102583697495001d8791799.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен, Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөлде 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын.Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғын толық эвакуациялануда. Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308800_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_52f76e662488602b5757433abd4d3c2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, су басу қаупі, су тасқыны
атырау облысы, су басу қаупі, су тасқыны
Атырауда Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
10:40 25.05.2024 (жаңартылды: 10:51 25.05.2024) Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Махамбет ауданының эвакуациялық комиссиясының шешімімен, Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
"Су басу қаупінің күшеюіне байланысты, толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр", - делінген штаб хабарламасында.
Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Сонымен бірге, өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөлде 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланып, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын.
Қазіргі уақытта Талдыкөл ауылында қалған 250 тұрғын толық эвакуациялануда. Айта кетейік, Талдыкөл ауылында 1,2 мыңға жуық тұрғын тұрады.