https://sputnik.kz/20240525/astanada-ayelder-densaulygy-boyynsha-khalyqaralyq-konferentsiya-otti-44606318.html
Астанада әйелдер денсаулығы бойынша халықаралық конференция өтті
Астанада әйелдер денсаулығы бойынша халықаралық конференция өтті
Sputnik Қазақстан
Оған шетелдік мамандар қатысты 25.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-25T14:52+0500
2024-05-25T14:52+0500
2024-05-28T13:53+0500
әйел
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23179456_0:90:962:631_1920x0_80_0_0_340a5083756e08c1ee6a9756d1bef041.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Елордадағы Ана мен бала орталығы базасында "Жас ерекшелігі ескерілген гинекологиялық эндокринология" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Конференцияның мақсаты – гинекологиялық эндокринология саласында тәжірибе алмасу үшін Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктіру. Оған 400-ден астам адам қатысып, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінен келген спикерлер 45 баяндама жасады.Айта кетсек, эндокриндік жүйе – әйелдер денсаулығының, атап айтқанда оның ұрпақты болу функциясының негізі. Ол етеккір циклін, жүктілікті, менопаузаны және әйел денесінің басқа да маңызды процестерін реттеуде маңызды рөл атқарады. Эндокриндік денсаулыққа қатысты проблемалар осы маңызды репродуктивті процестерді бұзып, менопаузалық бұзылулар, жатыр миомасы, эндометриоз, аналық без кисталары, жатыр мойны патологиясы, қан кету және басқалары сияқты әйелдер денсаулығының әртүрлі мәселелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан гинекологиялық эндокринология – әйел денсаулығының нәзік, бірақ маңызды мәселелерінің көпшілігін шешуге бағытталған медициналық білімнің ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/01/23179456_1:0:961:720_1920x0_80_0_0_e7889e4b1824f98fba8b8398bfeea8e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әйел
Астанада әйелдер денсаулығы бойынша халықаралық конференция өтті
14:52 25.05.2024 (жаңартылды: 13:53 28.05.2024) Оған шетелдік мамандар қатысты
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Елордадағы Ана мен бала орталығы базасында "Жас ерекшелігі ескерілген гинекологиялық эндокринология" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты – гинекологиялық эндокринология саласында тәжірибе алмасу үшін Қазақстан мен шетелдің жетекші мамандарын біріктіру. Оған 400-ден астам адам қатысып, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украина елдерінен келген спикерлер 45 баяндама жасады.
Айта кетсек, эндокриндік жүйе – әйелдер денсаулығының, атап айтқанда оның ұрпақты болу функциясының негізі. Ол етеккір циклін, жүктілікті, менопаузаны және әйел денесінің басқа да маңызды процестерін реттеуде маңызды рөл атқарады. Эндокриндік денсаулыққа қатысты проблемалар осы маңызды репродуктивті процестерді бұзып, менопаузалық бұзылулар, жатыр миомасы, эндометриоз, аналық без кисталары, жатыр мойны патологиясы, қан кету және басқалары сияқты әйелдер денсаулығының әртүрлі мәселелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан гинекологиялық эндокринология – әйел денсаулығының нәзік, бірақ маңызды мәселелерінің көпшілігін шешуге бағытталған медициналық білімнің ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі.