https://sputnik.kz/20240525/akademik-toregeldi-sharmanov-dunieden-otti-44553961.html
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті
Sputnik Қазақстан
Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды 25.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-25T09:25+0500
2024-05-25T09:25+0500
2024-05-25T11:51+0500
академик
https://sputnik.kz/img/07e8/05/19/44554177_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_a24969456a69b5e2b39ffa742c00de10.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Академик Төрегелді Шарманов 94 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі.Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген.Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды. Қазақ тағамтану академиясының басшысы болды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері. Бұл медальмен әлемде 29 адам марапатталған.Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі.Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/19/44554177_135:0:855:540_1920x0_80_0_0_4a2212ea55158dd458d816b6009104d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
академик
Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті
09:25 25.05.2024 (жаңартылды: 11:51 25.05.2024) Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Академик Төрегелді Шарманов 94 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі.
Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген.
Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды. Қазақ тағамтану академиясының басшысы болды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері. Бұл медальмен әлемде 29 адам марапатталған.
Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі.
Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.
Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор.