https://sputnik.kz/20240524/shymkentte-dariger-insult-algan-nauqasty-mas-dep-oylap-der-kezinde-komek-korsetpegen-44523254.html
Шымкентте дәрігер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген
Шымкентте дәрігер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты. Жолда өзін жайсыз сезінген әйелді... 24.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-24T09:48+0500
2024-05-24T09:48+0500
2024-05-24T09:48+0500
шымкент
науқас
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:497:2047:1648_1920x0_80_0_0_4a3a65be15acb03dc62b7c1889fbb606.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты. Жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Бірақ науқастың құсып жібергенін көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, палатаға кіргізіп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды КТК."Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, "рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр" деді. Қалай енді бұл? "Уланған шығар, иісі жоқ" деп айтсам да, көңіл аудармады", - дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Тек күйеуі келген соң ғана токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті. Тек сонда ғана инсульт белгілерін анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, арада алты сағат уақыт өтіп кетіпті. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түсіп кеткен. Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырт қараған дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды "мас" деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жормал жасадым деп ақталып отыр."Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ", - дейді нейрохирург Қанат Мырзабаев.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:305:2047:1840_1920x0_80_0_0_2da3a1add5d1d8ee7cadc6c2ea129b0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, науқас
Шымкентте дәрігер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, дер кезінде көмек көрсетпеген
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты. Жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Бірақ науқастың құсып жібергенін көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, палатаға кіргізіп, ұйықтатып тастаған, деп хабарлайды
КТК.
"Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, "рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр" деді. Қалай енді бұл? "Уланған шығар, иісі жоқ" деп айтсам да, көңіл аудармады", - дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.
Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Тек күйеуі келген соң ғана токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті. Тек сонда ғана инсульт белгілерін анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, арада алты сағат уақыт өтіп кетіпті. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түсіп кеткен.
Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырт қараған дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды "мас" деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жормал жасадым деп ақталып отыр.
"Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ", - дейді нейрохирург Қанат Мырзабаев.