Қазақстанда бір айда қанша көлік шығарылды

© пресс-служба министерства промышленности и строительстваВ Костанае запустили производство авто Chevrolet Onix
В Костанае запустили производство авто Chevrolet Onix - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 мамыр - Sputnik. Қазақстанда бір айдың ішінде 14 мыңға жуық доңғалақты техника шығарылды. Соның басым бөлігі – жеңіл көліктер, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылы сәуір айында Қазақстандағы зауыттарда 13 873 доңғалақты техника шығарылған. Соның ішінде 12 926 жеңіл көлік бар. Осылайша, 2023 жылдың сәуір айымен салыстырғанда жеңіл көліктердің өндірісі 10,5 процентке өсті.
Жалпы, қаңтар-сәуір айларында республика бойынша 47 мың техника шығарылды. Бағасы - 593,1 млрд тенге. Былтыр дәл осы кезеңде 44,7 дана болған. Бір жылдың доңғалақты техниканың өндірісі 4,9 процентке артты. Жылдық көрсеткіштер:
жеңіл көліктер - 43 622 дана (+7,8%);
жүк көліктер - 2 087 дана (-36%);
автобустар - 740 (+22,7%);
Бұдан бөлек, 279 дана тіркеме мен жартылай тіркемелер, сондай-ақ 166 дана басқа да арнайы техника шығарылды.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстанда екі жаңа зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Біреуі Алматыда (Chery, GWM мен Changan), екіншісі Қостанайда (Kia) орналасады. Екі өндіріс іске қосылса, қосымша 7,3 мың жұмыс орны болады.
Жаңалықтар
0