Мәскеуде журналистерге арналған жобаның жаңа маусымы басталды

© SputnikВ Москве стартовал новый сезон проекта "SputnikPro на Зубовском" для журналистов
В Москве стартовал новый сезон проекта SputnikPro на Зубовском для журналистов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
Биыл бағдарламаға Қазақстан, Абхазия, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия журналистері мен қоғам қайраткерлері қатысты
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының бас кеңсесінде 20-24 мамыр аралығында "SputnikPro на Зубовский" білім беру жобасының кезекті модулі өтті.
Жоба заманауи медиа саласындағы тәжірибе мен білім алмасуды көздейді.
Бағдарламаға медиа топтың жетекші мамандары өткізген шеберлік сабақтары мен тәжірибелік жаттығулар енді. Негізінен Telegram және әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, медиа-контенттің визуалды құрамдас бөлігі, инфографика, нейрондық желілер құру құралдары және жасанды интеллектпен жұмыс істеу этикасы тақырыптары қамтылды.
Әрбір дәріс пен сабақ қатысушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар медиа индустрияның соңғы тенденцияларын іс жүзінде сезінуге мүмкіндік берді.
"Мен қолы тимейтін адамдарға телеграм каналда қалай жаңалық жасау керектігін, оқырманды қалай тартуға болатынын түсіндім", - деп атап өтті "31 арнаның" қызметкері Айжан Иманғалиева Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.
Айжан секілді жобаға екінші рет қатысып отырған Астанадағы Орыс үйінің қызметкері Данил Чепков бір жылдың ішінде Мәскеуде үйренген көптеген жаңашылдықты жұмысқа енгізіп үлгергенін айтты.
"Былтыр үйге оралғаннан кейін өте қызықты әңгіме болды. Ал бұл өзгерістер енгізілген кезде жұмыс жеңілдеп шыға келді. Аудиториямен қарым-қатынас жасау да оңай болып қалды", - деп атап өтті ол.
Медиа топтың видео өндірісі дирекциясының қызметкері Александр Петров нейрондық желілердің бір жыл ішінде қалай өзгергенін және дамығанын көрсетті. Енді бірнеше минутта видеоға автоматты түрде аударма және субтитр жасауға болады, ол үшін Telegram ботты немесе басқа ыңғайлы құралдарды пайдалану жеткілікті.
Армен Гаспарян қазіргі заманғы медиадағы тұлғаның рөлі туралы айтты. Ол тікелей эфирдегі жұмыстың принциптері таңғажайып жылдамдықпен өзгеріп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, көптеген оқытушы тәжірибеде эфир жүргізе алмайтындықтан, университетте журналистика мамандығына оқу мәнін жоғалта бастаған.
© SputnikВ Москве стартовал новый сезон проекта "SputnikPro на Зубовском" для журналистов
В Москве стартовал новый сезон проекта SputnikPro на Зубовском для журналистов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
В Москве стартовал новый сезон проекта "SputnikPro на Зубовском" для журналистов
"Россия сегодня" медиа тобы бас редакторының орынбасары Наталья Лосева қатысушыларды виртуальды жаңалық жүргізушілерін жасаған әлемдік медиалармен таныстырды. Олардың кейбіреулері толығымен ойдан шығарылған, кебірінің нақты прототипі бар.
Наталья Лосева қатысушылармен осындай инновацияларға байланысты туындайтын жаңа проблемалар мен қиындықтарды талқылады.
Виртуалды жүргізушінің прототипіне айналған жүргізуші Виктория Федорова кадрда жұмыс істеу тәжірибесін бөлісті.
Ол тұйық немесе мылжың спикерлермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін, оқыс жағдайларда не істеуге болатынын және спикермен байланысты қалай орнату керектігін айтты. Қатысушылар тікелей эфирде жұмыс істеу үшін пайдалы кеңестер алып, Викториямен шағын сұхбат жүргізді.
Бағдарламаның соңғы күнінде сертификаттар тапсырылып, мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
0