Made in KZ: Қазақстан тауарлары Қытайда сұранысқа ие

© Sputnik"Қазақстанда жасалған" көрмесі
Қазақстанда жасалған көрмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. "Made in KZ" тауарлары Қытайда сұранысқа ие. Бұл туралы Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 13-ші отырысында ҚХР коммерция министрінің орынбасары Лин Цзи мәлімдеді, деп Сауда және интеграция министрлігі.
Ол Қытайда қазақстандық өнімді танымал ету мақсатында Нанкин және Чэнду қалаларында өкілдіктер ашуды ұсынды.
Ал Қазақстан сауда вице-министрі Қайрат Төребаев екі ел басшыларының екіжақты тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу жөніндегі міндеттеріне мерзімнен бұрын қол жеткізілгенін атап өтті.
"Біз Қытай нарығына жеткізілетін қазақстандық өнімдер номенклатурасын одан әрі әртараптандыруға ниеттіміз. Қазақстан 135 тауар позициясы бойынша Қытайға $1 млрд сомаға қайта өңделген өнім экспортын қосымша арттыруға дайын", - деп хабарлады Қайрат Төребаев.
Оның айтуынша, Қытайға жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде салқындатылған ет өнімдерін, балық өнімдерін, құс етін және субөнімдерді, шошқа етін, жұмыртқа, жылқы етін және басқа да жоғары маржиналды тауарлардың көптеген түрін жеткізуге болады.
Қазақстандық тауар өндірушілер Шанхай EXPO, "Қытай-Еуразия Экспо" және басқа да көптеген көрмеге белсенді қатысуда.
Осы жылдың мамыр айында Urumchi қаласында QazTrade сауда өкілдігі тіркелді. Сондай-ақ Чэнду қаласында қытайлық компаниямен бірлесіп QazTrade серіктестік кеңсесі ашылды. Сондай-ақ Нанкин қаласында қазақстандық өнімнің сауда павильонын іске қосу жоспарланып отыр.
Тараптар екіжақты тауар айналымының құрылымын одан әрі ұлғайту және кеңейту үшін бірлескен шаралар қабылдау, сондай-ақ электронды коммерция, ауыл шаруашылығы, шекара маңы ынтымақтастығы және т.б. салалардағы сауданың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіру туралы келісті.
Жаңалықтар
0