Біз Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделіміз – Бектенов

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Түрікменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Түрікменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
Қазақстан үкіметінің басшысы ТМД-ның инвестициялық экожүйесін жақсарту мәселесіне жеке тоқталды
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Түрікменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов тауар номенклатурасы мен логистиканың тиімділігін кеңейту арқылы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін атап өтті. Бірегей тетіктердің, атап айтқанда, еркін сауда аймағының жұмыс істеуі Достастықтың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан үкіметінің басшысы ТМД-ның инвестициялық экожүйесін жақсарту мәселесіне жеке тоқталды.
"ТМД-дағы көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстанға әкелінген инвестицияның жалпы құны $35 млрд-тан астам болатын транзиттік трансконтиненталдық маршруттар желісі қалыптасты, бұл Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық тасымалдардың 80%-нан астамын ел аумағы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Олжас Бектенов тиімді логистикалық тізбекті құру үшін тарифтік саясатты үйлестіру және кедендік рәсімдерді цифрландыру бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласында және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жеделдету шаралары қаралды.
"Біз экономикалық тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуге, елдің берік "өнеркәсіптік негізін" құруға, маңызды инфрақұрылымды жаңартуға, агроөнеркәсіп кешенін қайта жүктеуге және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделіміз. Аталған мақсаттарды толыққанды іске асыру үшін біз негізгі серіктестерімізбен ынтымақтастығымызды нығайту маңызды екеніне сенімдіміз", — деп атап өтті премьер-министр Олжас Бектенов.
Кеңес қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін 11 құжатқа қол қойылды. ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 7-8 қарашада Ресейдің Сочи қаласында өтеді.
Жаңалықтар
0