Атыраудағы су тасқыны: Махамбет – Сарытоғай жолындағы қозғалыс бақылауға алынды

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 мамыр - Sputnik. Қарқыны күшті өр суы екі ауылға қауіп төндіргендіктен, Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабы "Махамбет - Сарытоғай" ауылдарын байланыстырып отырған жолды жыру туралы шешім қабылдаған болатын.
Қазіргі уақытта тас жол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері салынып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды. Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктердің қозғалысын полицейлер бақылауда.
"Өр суы осы жол жырығы арқылы сай-салаға кетіп жатыр. Қазіргі уақытта аудан бойынша 27 кезекшілік бекеті бар. Кезекшілікке ТЖ мамандары, сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер және тұрғындар жұмылуда", - деді Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі жедел штабының координаторы Алшынбек Мұханғалиев.
Сарытоғай ауылынан шығатын орташа және ауыр жүк көліктері “Сейтек” шәйханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.
Жаңалықтар
0