"Әттеген-ай көп болды": Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм қалай түсірілді?

© Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
Фильм түсірілген уақыт өте бір қиын кезеңмен тұспа-тұс келді
АЛМАТЫ, 24 мамыр – Sputnik. Ахмет Байтұрсыновтың өмірін баяндаған "Соңғы үкім" фильмі келесі аптадан бастап көрерменге жол тартады. Алматыда фильмнің жабық көрсетілімі өтті. Кинофильм мамандары қандай қиындыққа тап болды? Көрермен туындыны қалай қабылдады? Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
Қазақтың ұлы гуманист-күрескері туралы толықметражды тарихи драма Байтұрсыновтың қасіретті тағдырының мәлім-беймәлім қырларын паш етеді. Фильм 3 жыл бойы Қазақстанның бірнеше облысында түсірілген.
© Photo : Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Ахмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
"Шаршағанда өте қатты шаршадым. Бұл бір сәт тынығып алсаң, сергіп қалатын еңбек емес, жүйке-жүйеге қатты салмақ салады. Кино 2 жылдай түсірілді, сосын монтажы бар, графикасы бар, жалпы жұмыс 3 жылға созылды. Титры маған ұнамады, қазақша, орысшасын өзім жасадым. Ал ағылшыншасына КИМЭП-те сабақ беретін америкалық профессорды жалдадық, сосын өзімнің бір ұлым, бір қызым көмектесті. Екеуі де ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар", - дейді фильмнің продюсері Ғалым Доскен.

Неге Байтұрсынұлы емес?

Фильмде ағартушының Ахмет Байтұрсынұлы емес, Байтұрсынов деп аталуының да өз себебі бар, дейді продюсер.
© Photo : Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
"1828 жылдан бері орыс империясының құрамындағы мұсылмандарға метрикалық книга кіргізілген. Содан бері -ов, -ев болып жазылды. Ахаң бүкіл өмірін Ахмет Байтұрсынов болып өткізген, мұғалім болды, нарком болды, профессор болды, ең аяғы ату жазасына бұйырылып, қайтыс болғанға дейін Байтұрсынов болып кетті. "Қазақ" газетінің сырт жағында астына Байтұрсынов деп қол қойып отырған. Ол кісінің "-ов пен -ев-тен құтыла аламыз ба" деген оқырман сұрағына жазған жауабы бар. 1925 жылға дейін Байтұрсынов болып жазылып келді де, арасында кейбір құжаттарда Ахмет деп жазған, Байтұрсынұлы деп әртүрлі лақап атпен жазған", - дейді Ғалым Доскен.
© Photo : Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Ахмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
Продюсердің айтуынша, лақап атына қарап адамның аты-жөнін өзгертуге болмайды.
"1925 жылдан кейінгі кітаптары ғана Байтұрсынұлы болып шығып отырды. Бірақ ол кісі 1929 жылы ұсталып кетеді. 1937 жылы декабрьдің 8-де атылады, арада аттай 50 жыл өткенде – 1988 жылы ақталады. Әйелі де Байтұрсынова Батрисафа болып жазылған. Көзінің тірісінде "менің тегімді Байтұрсынұлы деп өзгертіңдер" деп ешкімге өсиет жазып кеткен жоқ. Бұл тарихи кино. Өзі қалай жазды, дүниеден қалай өтті, фамилиясын дәл солай қалдырдым", - дейді Ғалым аға.

Танымал продюсер "Соңғы үкім" фильміне аяқасты келген

"Мен бұл киноны түсіруге аяқасты келдім. Негізі сериалға дайындалып жатқанбыз. Содан Қырымбек Көшербаев шақырып, Абай Қарпықов екеумізге ұсынды. Арасында Абекең екеуміздің пікіріміз келіспей қалды, ол кісінің көзқарасы басқаша болды. Сосын бас тартып кетіп қалдым, бір айдан кейін ұлттық продюсерлік орталықтың басшысы шақырып, осы киноны өзіңіз түсіріңіз, командаңызды жинаңыз деді. Содан конкурс болды, біз алып шықтық. Суға бір сүңгігеннен кейін арғы жағаға шығу керек болды", - дейді Ғалым Доскен.
© Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан
1/4
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
© Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан
2/4

3/4

4/4

"Әттеген-ай өте көп болды"

"Әттеген-ай өте көп болды. Фильм түсірілген уақыт өте бір қиын кезеңмен тұспа-тұс келді. Пандемиядан кейін адамдар көп ауырды. Өзім де қатты ауырдым. Киім жағы ұнамай қалады, кейбір эпизодты қайталап түсірткен кезім болды. Тепкіге шыдамай, атқарушы продюсерлер кетіп қалып жатты, тепкі дегенде ол кісілер қаржы жағына жауап береді. Ақша жетпейді деп келіп отырады, бұл ақша қайда кетіп жатыр деп ашуланатын кезім болды. Түсіргендері ұнамағаннан кейін қайта түсіріп жаттым. Содан үстімнен шағымданды. "Осы кісі бәріне кінәлі, қайта-қайта түсірілім жасатып жатыр" депті. Бірақ ұнамай тұрса, нашар түсіріліп қалса, қалай көзімді жұмып қараймын. Маған ақша төлемесе төлемесін, бірақ тарихи дүние барынша сапалы, құнды түсірілу керек", - дейді танымал продюсер.
Фильмге жалпы 1 миллиард теңгеге жуық ақша кетті.

"Мұқағалидан Ахметке ауысу ауыр болды"

Ахмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады.
"Ол кезде мен Мұқағали туралы фильмге түсіп жатқанмын. Ғалым аға Ахмет Байтұрсыновтың рөлін сомдау туралы алғаш ұсыныс жасағанда бірден бас тарттым, бірақ ол кісі көндірді. Өте ауыр болды, қызуқанды Мұқағалидан кейін Байтұрсыновты сомдау өте ауыр болды. Біз Ғалым аға екеуміз 6-7 ай күніне 8 сағаттан тынымсыз жұмыс істедік, әрбір эпизодты зерттедік. Ешбір асығыссыз, өте мұқият түсірілді", - дейді Азамат Сатыбалды.
© Photo : Folklore media студиясының баспасөз қызметіАхмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Ахмет Байтұрсынұлының рөлін танымал актер Азамат Сатыбалды сомдады
Бір фильмде ағартушы өмірінің 8 кезеңі сомдалған. Ең ауыр соққаны сол болды, дейді актер.
"Бір фильмде Ахмет Байтұрсынов өмірінің 8 кезеңін сомдадым. Бұл өте ауыр болды, бірнеше сағаттық гримнің өзі оңай шаруа емес. Жалпы бұл еңбегім фильм саласындағы ең нәтижелі жұмысым дер едім. Қаншама құжат, қаншама ақпаратты Ғалым аға екеуміз зерттедік, саны жоқ. Мен бұл кейіпкерді өте жақсы көріп қалдым. Өз еліне өмірін арнаған адамды сомдаудың өзі мен үшін мәртебе. Әрине кейіпкерді 100% сомдап тастадым деп айта алмаймын, әттеген-айлар болды. Актер рөлді қанша жерден керемет сомдаса да іштей "әттеген-ай" деп тұрады", -дейді Азамат Сатыбалды.

"Мен Қазақстан үшін не істеп жатырмын?" деген ой туады

Ахмет Байтұрсынұлының жұбайының рөлін актриса Дарья Александрова сомдады.
© Photo : Folklore media студиясының баспасөз қызметіДарья Александрова
Ахмет Байтұрсынов туралы фильм қалай түсірілді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Дарья Александрова
"Менің карьерамдағы ең маңызды рөл болды. Бұл фильмді шебер сомдау ғана емес, тарихқа терең үңілу, біз өте қатты дайындалдық. Бұл фильмді көргеннен кейін "Мен Қазақстан үшін не істеп жатырмын?" деген ой туатынына сенімдімін. Татар тілінде сөйлеу маған қиынға соққан жоқ, бірақ менімен жұмыс істеуге өте үлкен күш жұмсалды. Татар тілі пәні мұғалімінің еңбегін ерекше айтқым келеді. Мұнда команданың еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе Ғалым Доскеннің еңбегін ерекше айтып өтер едім. Бір түсірген эпизодты қайта түсіру өте қомақты қаражатты талап етеді, бірақ Ғалым аға қаражатқа қарамады, фильм сапалы шығу үшін барын салды", - дейді жас актриса.
Кинотуындыны Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Folklore media студиясы түсірді.
Фильм Алматы, Семей қалалары мен Абай, Алматы, Жетісу облыстарында түсірілді.
Жаңалықтар
0