Абай облысында жаңадан бес су қоймасы салынады

© Sputnik / Yuriy SharovОстров на Рыбинском водохранилище в Ярославской области, где находился город Молога
Остров на Рыбинском водохранилище в Ярославской области, где находился город Молога - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Абай облысында жаңадан 5 су қоймасы салынады. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен сала министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа су қоймаларында 156 млн текше метрден астам тіршілік нәрін сақтауға болады. Үржар, Ақсуат және Көкпекті аудандарында салынатын гидронысан құрылысы 2024-2030 жылдарға жоспарланған.
Аталған аудан шаруалары бірнеше жыл бойы судан тапшылық көріп келеді. Өйткені Қарақол ауылындағы су қоймасының құрылысы 1980 жылдары басталып, сол күйі аяқталмай қалған.
"Былтыр қараша айында мен ол жерде болдым. Әрине, біз жасап жатқан жұмыстардың ішінде ол бірінші кезекте тұр. Біз оны қайта қалпына келтіруіміз керек. Биыл біз жобалық-сметалық құжатты әзірлейміз. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгеннен кейін 2025-2026-2027 жылдары біз жаңғырту жұмыстарын аяқтауымыз керек", - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
0